Алматы қаласы ТЖД Алмалы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының 2021 жылдың 11 айына атқарған жұмыстарының нәтижелері туралыбаяндамасы

Басқарманың қызметі есептік кезеңде Департаменттің жұмыс жоспарына,регламентіне және Басқарманың ережесіне сәйкес жүзеге асырылды.

Басқарманың штат саны жеке құрамның 9 бірлігін құрайды,оның ішінде:азаматтық қорғау қызметкерлері: 7 бірлік(басқарма бастығы-1,бас маман-2,аға инженер-2,  инженер-бос лауазым), әкімшілік мемлекеттік қызметшілер- 1 бірлік.

 

Өрт бойынша ақпарат

2021 жылдың 11 айы бойынша есептік кезеңінде Алматы қаласы, Алмалы ауданының аумағы бойынша басқарманың инжерлік-инспекторлық құрамы ТЖ хабарламасына сәйкес ,318 шақырту (2020ж. - 344 шақырту) орнына шығуды жүзеге асырды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8% - артық. Барлық шақыртулардың ішінде  52 өрт оқиғасы есепке алынды (2020ж. -13) және өрт сөндіру барысында 3 адам эвакуацияланып қауіпсіз орынға шығарылды (2020ж. -16 адам). Өрт салдарынан адам өлімінің 2 фактісі тіркелді.

 

Есепті кезеңде Алмалы ауданыныңаумағында орын алған өрттердің нәтижесінде 5,3 млн материалдық шығын келген. Сонымен қатар, 138,2 млн сомасындағы материалдық құндылықтар құтқарылды Былтырғы жылмен салыстырғанда табиғи газбен улану жағдайлары (2020ж. -1 жағдай) тіркелген жоқ.

Өрттің ең көп саны азаматтық қорғау органдарының бақылауына кірмейтін обьектілерде тіркелген. Мәселен, 52 өрттің 29 тұрғын үй секторында орын алған, яғни жалпы өрт санының 48% құрайды, сондай-ақ өрттің 8 оқиғасы көлікте тіркелген немесе өрттің жалпы санының 20% құрайды, сонымен қатарбасқа нысанда1 өрт фактісітіркеліп, жалпы өрт санының 8% құрайды.

Сонымен қатар, бақылаудағы нысандарда 8 өрт оқиғасы орын алғаннемесе жалпы өрт санының 18% құрайды. Оның ішінде,4 тәуекел дәрежесі болмашы және тексеруге жатпайды, 4 нысан тәуекел дәрежесі жоғарыға жатқызылған.

Бұл ретте өрт және жануға әкеп соққан өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін  ҚР ӘҚБТК-нің 410 бабы, 1 тармағына сәйкес 49 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды, оның ішінде 5 жеке тұлға 5 заңды тұлға «ескерту» түрінде жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, тергеу жүргізу және процессуалдық шешім қабылдау  үшін 66 материал Алматы қаласы ПД Алмалы  аудандық полиция басқармасына жолданды.

Тұрғын үй секторындағы өрттердің ең көп саны электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу себебінен 4 жағдай, сондай-ақ отты абайсыз қолданудың2 фактісі (2020ж. -2) тіркелді.

 

Жеке тұрғын үй секторында

жүргізілген профилактикалық іс-шаралар

Алмалы ауданына қарасты аумақта 3495 жеке тұрғын үй орналасқан, қазіргі уақытта 96 үй магистральді газ желілеріне қосылмаған (2020ж. - 139 жеке меншік үйлер қатты отынмен жағылады). Бұл ретте орталық газға - 2971 үй қосылса, орталық жылыту жүйесіне 428 жеке тұрғын үй қосылған.

2020-2021 жылдардағы жылу беру кезеңіндегі адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын азайту жөнінде Алматы қаласы ТЖД «ӨСжәне АҚЖҚ» ММ№9 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен бірлесіп, жоспарға сәйкес (бұдан әрі - жұмыс жоспары) жеке тұрғын үй секторын күнделікті аралау жұмыстары жүргізілді. Есептік кезеңде жеке тұрғын үйлерін толық көлемде аралап, бір мезгілде «Күнделікті өмірдегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы» тақырып бойынша жиындар өткізіліп, (48 жиында /719 адам қамтылды) 1337 дана буклеттер таратылды.

Жұмыс жоспарына сәйкес, Басқарма қызметкерлерімен 15 тұрмысы төмен отбасыларын аралау жүргізілді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта алкогольдік ішімдіктерді пайдаланатын ауданда 38(оның 20-сы жеке тұрғын үйлерде тұрады, 18-і көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлерінде тұрады)адам тіркелген және аталған тұрғындарды да назардан тыс қалдырмады. Жоғарыда аталған тұрғындарды жергілікті полиция қызметкерлерімен сондай-ақ «Жас Отан» еріктілерімен бірлесе отырып үйде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

(БАҚ)

Бұқаралық ақпарат құралымен атқарылған

іс-шаралар

 

Республикалық телеарналар бағдарламалары мен жаңалықтары шығарылымында 16 ТВ) көрсетілді, радиоэфирде 864 сөз сөйлеу. Адамдар көп жиналатын орындарда бейнероликтер көрсету - 2352 эфирлерді +, радиорубкалар - 992 эфирлерді +21% - ға ұлғайды (2020 жылы-775) және «Аргументы недели», «Нұрлы өлке» газеттерінде 115 мақала басылып шығарылып анықталды.

Күн сайын, ауданның медициналық мекемелерінде (№3,5,8,30 қалалық емханалары, Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы, Қалалық кардиологиялық орталығы, Қалалық перзентханасы, Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығы, Орталық отбасылық емханасы, А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы, Орталық клиникалық ауруханасы және т. б.),сондай-ақ, адамдар жаппай шоғырланатын нысандарда«Өрт кезіндегі іс-қимыл», «Өрт қауіпсіздігі шарасы», «ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу», «Көлік жүргізушісі, арнайы көлік жүргізушісіне жол бер» тақырыптарында Басқарма әзірлеген бейнеороликтер және Алматы қаласы ТЖД ұсынған «Адамдардың өмірін құтқару-құтқарушылардың мәртебесі», «Жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер», «ТЖ кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету», «Улы газ», «Мұздағы қауіпсіздік ережелері» тақырыптарында бейнероликтер көрсетіледі.

Бұдан басқа, аталған бейнероликтер «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті», «Қазақ ұлттық қыздар  педагогикалық  университеті,«Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар» және «Әлем тілдері университетінің» оқу корпустары мен жатақханаларында орнатылған мониторлар арқылы көрсетіліп тұрады.

Жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту және Көкшетау техникалық институтына оқуға талапкерлерді іріктеу мен қабылдауды ұйымдастыру мақсатында, Басқарма аудандық білім бөлімімен келісіп, әңгіме өткізу кестесін әзірледі.

Аудан аумағында орналасқан жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары мен қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау шараларына оқыту үшін Басқарманың жеке құрамымен «Балалар тентектігі», «Өрт кезіндегі іс-қимылдар», «Тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау қағидалары»     тақырыптарында профилактикалық әңгімелер, тренингтер, семинарлар өткізілді.

Жоспар-кестеге сәйкес аудан мектептерінің 58 сыныбында, 2088 оқушыны қамти отырып, «Құтқару миссиясы –мейірбан жандарға лайық» тақырыбына бейнеролик көрсетіп, 6 профилактикалық әңгімелесу өткізілді. Сондай-ақ, 30 плакат ілінді және ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу шарттары бойынша 1050 жадынама таратылды. Басқарма «Аргументы недели» газетінде «Адамдардың өмірін құтқару-құтқарушылардың мәртебесі» тақырыбында 5 мақала  жариялады. Басқарманың жүргізген жұмыс нәтижесінде Алматы қаласы ТЖД Кадр саясаты басқармасына ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына өз еркімен оқуға түсуге 6 талапкер жіберілді.

 

 

 

Мемлекеттік өрт бақылауы бойынша жүргізілген

профилактикалық іс-шаралар

2021 жылы басқарма 11157 шаруашылық жүргізу объектілерін есепке алды, олардың 849 жоғары тәуекел дәрежесіне және 10308-сі тәуекел дәрежесіболмашыға жатқызылған.

Аталған есептік кезеңде басқарма қызметкерлерімен 14 нысанға жоспардан тыс тексеріс жүргізілді оның ішінде: жеке және заңды тұлғалардың шағымына сәйкес 3 өрт-техникалық тексерісі және ұйғарымның орындалуын бақылау бойынша 11 тексеріс жүргізілді. Бақылау бойынша жүргізілген жоспардан тыс өрт-техникалықтексерістің нәтижесінде бұзушылықтардың толық көлемде орындалғаны анықталды.

 

 

Азаматтық  қорғаныс

Азаматтық  қорғаныс  іс-шараларын тиімді  іске асыру  мақсатында Алматы қаласыТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасымен бірлесіп ауданның Азаматтық қорғаныс жоспары жаңартылды.

Ағымдағы  жылдың 4-5  наурызы  аралығында  «Көктем 2021» РКШО өтуіне байланысты аудан аумағында 5-ші наурыз күні Алмалы  ауданы Әкімінің аппараты қызметкерлері, «Алматы тазалық» КМКҚ, «Тәртіп» АҚ және«Айком-Строй» ЖШС мердігерлік ұйым  қызметкерлерімен  бірлесіп  практикалық іс шара өткізді. Райымбек даңғылынан Төле би көшесіне дейін Үлкен Алматы өзенінің бойында тазалау жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шараға Басқарманың 2 қызметкері, Әкімдіктің 1 қызметкері және жоғарыда аталған мердігерлік ұйымдардың 23 қызметкері қатысты.Тазалау үшін 5 бірлік  техника (2 трактор, 1 газел қоқыс шығару үшін) тартылды. Мердігер ұйымдардың аумағына тазалау барысында 15 текше метр қоқыс шығарылды.

Су басу құбылыстарының алдын-алу бойынша іс- шараларды әзірлеу үшін Алмалы ауданының Әкімі аппаратықызметкерлерімен бірлесіп, Үлкен Алматы және Есентай өзендері арналарының су тасқыны қауіптікезеңіне дайындығын бақылау мақсатында,жай-күйіне шолу жүргізілді. Сондай-ақ ауданның мердігерлік ұйымдары күн сайын арық канал жүйелерін қаттытұрмыстық қалдықтардан тазартуды жүргізеді. Жалпы білім беретін мектеп оқушылары, колледж және Жоғарғы оқу орындары студенттерінің назарын Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнінің мәніне аудару,Төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдарға әзірлікті арттыру мақсатында ауданда келесііс-шаралар өткізілді:

  • Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күніне орай ақпараттық-насихатттық іс-шаралар өткізу жоспарының тармақтарын орындау үшін Алмалы ауданында «Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті Азаматтық қорғаныс» ұранымен  келесі іс-шаралар өткізілді:Интернетті  пайдалана отырып,орта білім беру мекемелерінде (29-мектеп) конкурстар ұйымдастырылыпөткізілді.
  • Қашықтықтан оқыту платформалары «Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне» арналған іс-шараларға белсенді қатысқан жалпы білім беру мектептерінің оқушыларын карантиндік шараларды ескере отырып еркеше көзге түскен жастарды марапаттады.Бұл жұмыс Алмалы ауданының Әкімдігі сайтында,инстаграммда жарияланды.

Алмалы ауданының ТЖ басқармасымен азаматтарды Азаматтық қорғау саласында ТЖ жағдайында іс-қимылды үйренуге оқыту мақсатында, аудан әкімімен бекітілген Алмалы ауданының әкімдігінің жоспарлауы бойынша 2021 жылдың қаңтар айынан бастап наурыз айына дейін 67 адам жоспар бойынша ТЖД бойынша өз білімін шыңдады(Жоспар 27%-ғаартық орындалды).

Алмалы ауданында нысандарда және бағаналарда Дабыл сөйлеу ондырғылары (СРУ) – 35 бірлігі және С-40 - 47 бірлігі (Әлия қонақ үйінде капиталды жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты оның 1 жұмыс істемейді) орнатылған.

 

Басқарма жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында және өрттің, Төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша келесі міндеттер қойылды:

-қазіргі таңда үгіт-насихат жүргізудің ең тиімді жолы ғаламтор көздерін пайдалана отырып, Әлеуметтік сайттар арқылы жалпы халықты өрт жəне төтенше жағдайлардың алдын-алу, сонымен қатар төтенше жағдай кезіндегі іс-шараларға үйрету, үгіт- насихат жұмыстарын жүргізу сияқты əдіс -тəсілдерді жандандыру;

- Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- əрекеттері» туралы Заңының жəне «Этикалық кодекс» талаптарының сақталуын қадағалап, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуін тұрақты түрде қадағалау;

- ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына түсетін талапкерлердің құжаттарын жинауы мен медициналық тексеруден өтуін сапалы жүргізуді қатаң қадағалау;

-жоспарға сәйкес жəне жоспардан тыс жүргізілетін өрт-техникалық тексерісті Алматы қаласы бойынша «ҚР БП ҚСжАЕЖК» тіркеу алдынданысанның кəсіпкерлік санатына (Е-лицензия) сұрау міндетті түрде жүргізу;

- жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер мен шағымдардың қайталануын болдырмау мақсатында, аталған тұлғалалармен шағын және микро кәсіпкерлік нысандарына тексеру жүргізуге моратория жариялануына байланысты өрт-техникалық тексерісті жүргізудің ерекшелігі, сонымен қатар Азаматтық қорғау органдары қызметі регламентінде қолданатын номативті-құқықтық актілер  және т.б. түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- аудан территориясында орналасқан нысандардың тізіміне өзгерістер енгізу үшін жылына 2 рет (ақпан, тамыз)құзырлы мемлекеттік органдарға (Мемлекеттік кірістер басқармасы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы, Әділет департаменті, Қала құрылысын бақылау басқармасы) хат жолдап, алынған мәліметтерге сүйене отырып өзгерістер енгізу жәнетізімді жаңалау.

Баяндама аяқталды!

Назарларыңызға рахмет!!!

Отчет о проделанной работе Управления по чрезвычайным ситуациям Алмалинского района за 11 месяцев 2021 года
Дата публикации
03 февраля 2022