Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Штабы (бөлімше құқығында) туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіАлматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментініңШтабы (бөлімше құқығында) (бұдан әрі - Штаб) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіАлматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады(бұдан әрі - Департамент).
  2. Штаб өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Штабтың құрылымы, штат саны Департаменттің штат кестесімен анықталады.
  4. Штаб үш қызметкерден тұрады:

1) бастық (азаматтық қорғау қызметкері);

2) бас маман (азаматтық қорғау қызметкері);

3) аға инспектор (азаматтық қорғау қызметкері).

 

2-тарау. Штабтың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

  1. Міндеті: Департаменттің қызметін үйлестіру және басқарушылық шешімдерді әзірлеу.

Функциялары:

1) Департамент бастығына азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді дайындау және енгізу;

2) Департаментбасшылығына тиімділікті арттыру бойынша тиісті ұсыныстар енгізе отырып,құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелердің басқару қызметінің жай-күйін, оның жұмысының соңғы нәтижелеріне ықпал ету дәрежесін зерделеу;

3) Министрліктің Алқа отырыстарына, Министрліктің және Департаменттің жедел және аппараттық кеңестеріне Департаменттің бастығына қызметтің негізгі бағыттарыбойыншаақпараттық-аналитикалық материалдарды, баяндамаларды дайындау;

4) Департаменттің жұмыстарының нәтижелері туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар мен есептік құжаттардың жобаларын, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы бағдарламалық құжаттарды дайындауға қатысу;

5) азаматтық қорғау органдарының қызметіне ықпал ететін құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерден келіп түскен ақпараттарды жинақтау, жалпылау;

6) Аумақтық бөлімшелерінің регламенттерінің жобасына өзгерістер дайындау және енгізу;

7) Департамент басшылығының іс-шаралар графигін ұйымдастыру және қалыптастыру;

  1. Міндеті: Департаментбастығы жанындағы жедел және аппараттық кеңестерінің отырыстарын ұйымдастыру және өткізу.

Функциялары:

1) жедел жағдайды, ТЖД жұмысының нәтижелерін талдау негізінде, құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелердіңұсыныстарын ескере отырып:

аппараттық кеңестер жұмысының жоспары (тоқсандық);

жедел кеңестер жұмысының жоспары (тоқсандық)жобаларын әзірлеу және ТЖД басшылығына бекітуге енгізу;

2) Департамент басшылығы жанындағы жедел және аппараттық кеңестері қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

3) Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерініңДепартамент басшылығының жанындағы жедел және аппараттық кеңестерді ұйымдастыруы кезінде орнатылған тәртіптің және регламенттің сақталуын бақылауды жүзеге асыру.

  1. Міндеті: Департаменттегі қызметтік жұмыстарға бақылау жасауды жүзеге асыру.

Функциялары:

1) Департаменттің Орындаушылық тәртіпті бақылау жөніндегі комиссия отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;

2) Департаменттегі Орындаушылық тәртіпті бақылау жөніндегі комиссия құрамы туралы бұйрық жобасын дайындау және өзгерістер енгізу;

3) Министрліктің Алқа отырысының, Департамент басшылығының жанындағы жедел және аппараттық кеңестердің шешімдерін, Министрліктің және қала әкімдігінің жоспарлары мен басқа да директивалық құжаттарын орындау үшін іске асырылатын іс-шаралардың нақты орындалуын тексеру;

4) олардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету үшін келіп түскен тапсырмалар мен құжаттардың орындалуына бақылау мерзімдерін белгілейді, қажет болған жағдайда тиісті шешімдер қабылдау үшін Департамент басшылығына уақтылы орындалмай жатқан және/немесе мерзімінде орындалмаған құжаттар туралы ақпараттық материалдар енгізеді, сонымен қатар құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелердіңорындауындағы бақылау құжаттары бойынша аралық бақылау (салыстып тексеру)жүргізу;

5) Департаменттегі орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы аналитикалық материалдар дайындау;

6) Департаменттегі жедел және аппараттық кеңестерінің жұмыс жоспарларының орындалуына мониторинг, талдау және бақылау жүргізу;

7) Департамент басшылығының іс-шаралары графигіне сәйкес Министрдің отырыстарға (кеңестерге) қатысуына анықтамалық, ақпараттық-аналитикалық материалдардың, баяндамалар мен сөз сөйлеулер тезистерінің дайындалуын қадағалап үйлестіру.

  1. Міндеті: Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерініңқызметтік жұмысын тексеруді жүзеге асыру.

Функциялары:

1) Департаменттің бақылау-тексеру іс-шаралары жоспарының жобасын әзірлеуді ұйымдастыру, қамтамасыз ету (жылдық);

2) Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелеріндегі ұйымдастырушылық-басқару, қызметтік жұмыстарға, орындаушылық тәртіптің жай-күйіне жоспарлы және жоспардан тыс тақырыптық тексерістерін жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ тексерістердің нәтижелері бойынша материалдарды (анықтамаларды)Департамент бастығының қарауына ұсыну;

3) жоспарлы және жоспардан тыс тақырыптық және бақылау тексерістерін жүргізуге жоспар-тапсырма дайындау;

4) Департаменттің жұмыстары нәтижелерінің жай-күйі туралы әр құрылымдық бөлімше бойынша мәліметтер жинақтауды, талдап жүйелеуді жүзеге асырады, нәтижелері бойынша Департаментбасшылығына қызметтік жұмыстағы өзгерістерге тиісті ден қою шаралары туралы ұсыныстар енгізу;

5) Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қызметтік жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталған, оның ішінде тексерістердің қорытындылары бойыншаұсынымдар, ұсыныстар (соның ішінде төмен тұрған бөлімшелердің жұмыстарын ұйымдастыру мен үйлестірудегі құрылымдық бөлімшелердің рөлін зерделеу нәтижелері бойынша)әзірлеу;

6) құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерге бақылау (тексеру) жасауды жүзеге асыру мерзімділігінің есебін жүргізу;

7) жоспарлы, жоспардан тыс тақырыптық тексерістерінің барысында құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелердіңқызметтік жұмысынан анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтардың жойылу деңгейі мен сапасына бақылау жасау;

8) Департаменттің құрылымдық және ведомстволықбағынысты бөлімшелерініңМинистрдің бұйрықтары мен нұсқауларын, Алқа, жедел кеңестердің шешімдерін, Министрліктің өзге де директивті құжаттарын орындауына, сондай-ақ инспекциялау барысында анықталған іс-шараларды іске асыру барысына бақылау жасауды қамтамасыз ету.

  1. Міндеті: Департамент қызметкерлерінің ел шегінде қызметтік іссапарларға шығуын ұйымдастыру.

Функциялары:

1) Департаменттің қызметтік іссапарларға шығу жоспарының жобасын әзірлеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету (тоқсандық);

2)  қызметкерлердің қызметтік іссапарларға шығуы туралы бұйрықтарының жобаларын әзірлеу және Департаменттің басшылығына енгізу, сондай-ақ іссапарға шығушылардың құжаттарын тіркеп ресімдеу;

3) ТЖД қызметтік іссапарларға шығу жоспарының орындалуына мониторинг жүргізіп бақылау жасау;

4) Департамент бұйрықтары бойынша іссапарға кеткен қызметкерлердің қызметтік іссапарлардың қорытындысы бойынша материалдардың уақтылы ұсынуына бақылау жасау;

5) жүзеге асырылған шығулар мен қызметтік іссапарлардың қорытындылары бойынша материалдарға (есептер) олардың тиімділігіне қатысты талдау жүргізу;

  1. Міндеті: Әдістемелік басшылық жасау мен үйлестіруді жүзеге асыру.

Функциялары:

1) Штаб құзыреті шегінде, Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінепрактикалық және әдістемелік көмек көрсету.

  1. Штабтың құқықтары мен міндеттері:

1) Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелеріненқұжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды, оның ішінде жоспарлардың, бұйрықтардың, нұсқаулардың, Алқа шешімдерінің орындалу барысы мен нәтижелері туралы материалдарды, басқару шешімдерінің жобаларын, ақпараттық-аналитикалық және есеп беру құжаттарын әзірлеуге қажетті басқа да анықтамалық материалдарды және мәліметтерді оларға белгіленген мерзімде сұратуға және алуға;

2) бақылаудағы мәселелер бойынша құжаттармен және материалдармен, оның ішінде құпиялылық режимінің, мемлекеттік және қызметтік құпиялардың сақталуын ескере отырып, тексеру іс-шараларына жататын материалдармен кедергісіз танысуға, олардың орындалуы туралы қажетті материалдарды алуға;

3) Штабтың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінеорындауға міндетті нұсқауларды беруге;

4) басқару шешімдерінәзірлеуге, Министрлік Алқасы мен жедел кеңестерінде қаралатын материалдарды, сондай-ақ жоспарлы, жоспардан тыс тақырыптық тексерістерін жүргізуге материалдарды дайындауғаДепартаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінбелгіленген тәртіпте тартуға;

5) Департамент бөлімшелерініңбасқарушылық қызметтің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды Департамент басшылығына енгізуге;

6) Департамент басшылығының қарауына қызметтік жұмыстарында бұзушылыққа жол берген Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерініңлауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды енгізуге;

7) қызметтік жұмыстарға немесе Департамент басшылығының басқа да тапсырмалары бойынша тексерістер жүргізу кезінде кедергісіз, тәуліктің кез-келген уақытындаіргелес аумақтарға қызметтік авкөліктермен кіруге немесе келуге, сондай-ақ қызметтік куәліктерін көрсету арқылы режимдік орын-жайлардан өзге құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелердіңғимараттарында және орын-жайларында техникалық құралдардың (бейнетіркегіш/бейнекамера) көмегімен кедергісіз бейне түсірілім жүргізуге;

  1. Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде белгіленген өзге де құқықтар мен міндеттемелер.
  2. Штабтың міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;

2) Министрліктің Алқа шешімдерімен және жедел кеңестерімен, сондай-ақ Департаменттің аппараттық кеңестері хаттамаларымен, Министрліктің, Департаменттің және Штабжоспарларымен көзделген іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;

3) Министрлік пен Департаменттің аппараттық және жедел кеңестерінің материалдарын дайындауға қатысу;

4) құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етуге;

5) Штаб қызметіне қатысты мәселелер бойынша сот талқылауларына қатысуға;

6) қойылған міндеттерге сәйкес Штабтың құзыреті шегінде басқа да міндеттер белгіленеді.

 

3-тарау. Штабтың қызметін ұйымдастыру

 

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық актілеріне, актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Штабқа өзінің негізгі тапсырмалары мен функцияларын іске асыру үшін қажетті уәкілеттіктер берілген.
  2. Штабқа басшылықты Штабқа жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функциясының жүзеге асырылуына дербес жауапкершілікте болатын оның бастығы жүзеге асырады.
  3. Штаб бастығынҚазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Департаменттің бастығы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
  4. Штаббастығының өкілеттігі:

1) өз өкілеттігінің шегінде Штабтың қызметін үйлестіреді;

2) Штабқызметкерлерінің міндеттемесі мен өкілеттігін айқындайды;

3) Департамент басшылығына Штабтың құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді;

4) Штаб қызметкерлерін наградтауға, көтермелеуге және сыйлықақы беруге ұсынады;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.

  1. Штаб құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ТЖД-ның басқа құрылымдық бөлімшелерінеШтабтың атынан жолданатын құжаттарға жолданатын құжаттарға Штаббастығы, ал ол болмаған жағдайда оны ауыстыратын адам қол қояды.
Дата публикации
30 декабря 2021