Азаматтық қорғау орғандарынын төмендегі бос лауазымға орналасуға конкурс жарияланады. Психологиялық қызмет тобының бас маман-психолог, С-SVО-7 санаты, 1 бірлік.

ҚР ТЖМ Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ММ, индексі 050040, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 300 эл.мекенжайы, тел. 394-57-45, Азаматтық қорғау орғандарынын төмендегі бос лауазымға орналасуға конкурс жарияланады.

         Психологиялық қызмет тобының бас маман-психолог, С-SVО-7 санаты, 1 бірлік.

         Жалақысы: жұмыс өтіліне қарай 177 855 теңгеден 308 406 теңгеге дейін.

         Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: төтенше жағдайлар аймағында авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне шұғыл психологиялық көмек көрсету және оны аяқтағаннан кейін оңалту бойынша  іс-шараларды өткізу; төтенше жағдайлар кезінде телефондағы «Жедел желі» жұмысын ұйымдастыру;зардап шеккендерді, сондай-ақ төтенше жағдайда қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарын, жақындарын ақпараттық-психологиялық сүйемелдеу, оның ішіндемедициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарына жүгіну мүмкіндігі туралы анықтамалық ақпарат беру; төтенше жағдайларда шұғыл психологиялық көмек көрсету бойынша іс-қимылдарды пысықтау бойынша машықтану сабақтарын, командалық-штабтық және арнайы-тактикалық жаттығуларды жоспарлауға және өткізуге қатысу; жеке құрамның кәсіби қызметіне психологиялық сүйемелдеуді жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру; қызметкерлердің, қызметке үміткерлердің жеке, интеллектуалдық мінездемелерін зерделеу және кәсіби міндеттерін орындау мақсатында  психодиагностикалық зерттеулерді жүргізу; жоғары тұрған лауазымға кадрлық резервті қалыптастыру үшін психодиагностикалық зерттеу жүргізу, ұсыныстар дайындау; жеке құрамды кәсіби психологиялық даярлау; тереңдетілген психологиялық-педагогикалық назар аударуды талап ететін жеке құраммен жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру («байқау тобы»); жеке құраммен психологиялық консультация өткізу; қызметкерлер арасында аутоагрессивті мінез-құлық нысандарының (суицидтердің) профилактикасы бойынша психологиялық жұмысты ұйымдастыру; тәртіп бұзушылықтың профилактикасы мен алдын алудың ұйымдастырушылық және әлеуметтік-психологиялық әдістерін жеке құраммен жұмысында қолдану бойынша басшыларға ұсынымдарды әзірлеу; қызметтік ұжымдарын біріктіру бойынша, кәсіби міндеттерді орындауға жұмылдыру үшінұжымдармен және басшы құраммен әлеуметтік психологиялық тренингтерді, тембилдингтерді ұйымдастыру және өткізу; топтың құзыреті шегінде қызметтік тергеу жүргізуге қатысу; өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

            Негізгі талаптар: Жасы - 35 жастан аспаған, жоғары білім (педагогика және психология, психология).

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

         1) белгіленген нысандағы өтініш;

         2) белгіленген нысандағы сауалнама;

         3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

         4) өз қолымен жазылған, сондай-ақ басылған түрде жазылған өмірбаян;

         5) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

         6) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

         7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

         8) соңғы жұмыс орнынан мінездеме (жұмыс өтілі болған жағдайда);

         9) 3х4 көлеміндегі төрт фотосурет;

         10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

         11) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

         12) құжаттарды тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижесі бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

         13) справки о сдаче декларации о доходах и имуществе на себя и супругу (а) в двух экземплярах;

         14) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

         15) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, спорттық жетістіктерін растайтын құжаттар, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және басқалар) (болған кезде) қоса береді.

         Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

         Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру ҚР ТЖМ Алматы қаласы ТЖД Кадр саясаты басқармасында жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 300, тел.394-57-45.

Азаматтық қорғау орғандарынын төмендегі бос лауазымға орналасуға конкурс жарияланады. Психологиялық қызмет тобының бас маман-психолог, С-SVО-7 санаты, 1 бірлік.
Дата публикации
22 ноября 2021