ҚР ТЖМ Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ММ, индексі 050040, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 300 эл.мекенжайы, тел. 394-57-45, азаматтық қорғау орғандарынын төмендегі бос лауазымдарына орналасуға конкурс жарияланады.
Төтенше жағдайлар басқармасының инженері, С-SVR-8 санаты, 4 бірлік.
Жалақысы: жұмыс өтіліне қарай 130 575 теңгеден 181 053 теңгеге дейін.
Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: Инженер өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде мемлекеттік инспектор болып табылады; объектілерге өрт-техникалық зерттеп тексерулерді жүргізу, мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, кәсіпорындар мен тұрғын үйлерде портативті бейнетіркегішті қолдана отырып, өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі нормативтік актілердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру, объектілерді бақылау өрт-техникалық зертеп тексерулер кезінде нұсқамада көрсетілген жойылған әрбір бұзушылыққа ауызша түсініктеме беру; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қатаң сәйкестікте қарау, сондай-ақ өтініш берушілерге жауаптардың уақытылы тапсырылуы; Өз құзыреті шегінде өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру; Өзіне бекітілген шаруашылық жүргізу объектілерінде алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру; Бекітілген шаруашылық жүргізу объектілерінің өртке қарсы жағдайы туралы мәліметтерді ұсынады; Тапсырылған нұсқаманың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін бақылау-тексеру іс-шараларын жүзеге асыру; Азаматтық қорғау академиясына түсуге үміткерлерді іріктеу бойынша үгіттеу жұмысын жүргізеді;