Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің аттестаттау комиссиясының отырысын өткізу туралы хабарландыру

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік мекемесі (050040 Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 300, 4 қабат, анықтама үшін телефондар 8 (7273) 94-57-45, 8 (7272) 74-25-13, ok_dchs_alm@emer.kz) 2021 жылғы 30 маусымда сағат 11.00-де Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ахуалдық залында өтетін аттестаттау комиссиясының отырысы өткізілетіні туралы хабарлайды.

Аттестаттау комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Аттестаттау комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатыса алады.

Қызметкер аттестаттау комиссиясының шешіміне құқық қорғау органының, құқық қорғау органы білім беру ұйымының және құқық қорғау органы мемлекеттік мекемесінің басшысына немесе уәкілетті басшыға бір ай мерзімде және (немесе) сот тәртібімен шағым жасай алады.

Әңгімелесуге жіберілген аттестатталушы қызметкерлердің тізімі Алматы қаласы ТЖД ақпараттық стендінде орналастырылған.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің аттестаттау комиссиясының отырысын өткізу туралы хабарландыру
Дата публикации
23 июня 2021