Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің заң тобы туралы ереже

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қалаласы Төтенше жағдайлар департаментінің заң тобы (бұдан әрі – Топ) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Топ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Топтың құрылымы, штаттық саны Департаменттің штаттық кестесімен айқындалады.
  4. Топ үш әкімшілік мемлекеттік қызметкерден тұрады.
Дата публикации
29 мая 2021