Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Штабы (бөлімше құқығында) туралы ереже

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Штабы (бөлімше құқығында) (бұдан әрі - Штаб) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады (бұдан әрі - Департамент).
  2. Штаб өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Штабтың құрылымы, штат саны Департаменттің штат кестесімен анықталады.
Дата публикации
29 мая 2021