Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою басқармасы туралы ереже

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) Төтенше жағдайларды жою басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Басқарманың құрылымы, штат саны Департаменттің штат кестесімен айқындалады.
  4. Басқарма Басқарманың бастығынан (АҚ), бас маманынан (АҚ), аға инженерден (АҚ), инженерден (АҚ), бас маманынан (мемлекеттік әкімшілік қызметшіден) тұрады.
Дата публикации
29 мая 2021