Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс жағдайлары басқармасы туралы ереже
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) Дағдарыс жағдайлары басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) азаматтық қорғау күштері мен құралдарын жедел басқаруды, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асыратын Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі бекітеді. Басқарма бастықтан, жедел кезекшілерден, жедел кезекшінің көмекшілерінен және техниктен тұрады.
Дата публикации
29 мая 2021