Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Кадр саясаты басқармасы туралы ереже

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Кадр саясаты басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) бөлімшелерінде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыратын, осы ережеде айқындалған міндеттер мен функцияларды орындайтын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) бекітеді.
Дата публикации
29 мая 2021