Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы туралы ереже
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Басқарманың құрылымы, штат саны Департаменттің штат кестесімен айқындалады.
- Басқарма құрамы бастықтан, оның орынбасарынан, бас мамандардан және аға инженерлерден тұрады.
Дата публикации
29 мая 2021