Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасы туралы ереже

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) Азаматтық қорғаныс басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) өз құзыреті шегінде Алматы қаласының аумағында азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу саласындағы қызметті үйлестіруді жүзеге асыратын Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, Министрліктің, Департаменттің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  4. Басқарманың құрылымы, штат саны Департаменттің штат кестесімен айқындалады.
Дата публикации
29 мая 2021