1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы(бұдан әрі – Топ) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады (бұдан әрі – Департамент).
2. Топ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін,
өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Топтың құрылымын, штат санын Департаментпен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте бекітеді.
4. Топ бас маманнан (мемлекеттік әкімшілік қызметкерден) тұрады.