Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобы туралы ереже

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобы (бұдан әрі – Топ) Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Топ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрлік Регламентін және осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Топтың құрылымы, штаттық саны Департаменттің штат кестесінде айқындалады.
  4. Топ төрт әкімшілік мемлекеттік қызметкерден тұрады.
Дата публикации
29 мая 2021