Алматы қаласы ТЖ Департаментінде төрт күн ішінде 57 Жоғары оқу орындарының және мектептердің мұғалімдері «Оқу орындарының санитарлық бекеттерінің командирлері» санатында оқытылды. Оқыту курсы 12-15 сәуір аралығында 2021 оқу жылына арналған азаматтық қорғау саласында даярлықтан және қайта даярлаудан өту үшін жинақтау жоспарына сәйкес онлайн режимінде өткізілді, жоспарды Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов 2020 жылдың желтоқсан айында бекітті.
АҚ саласындағы оқытудың мақсаты лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерде АҚ іс-шараларын ұйымдастыру және орындау бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыру, алынған білімді халық пен аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан қорғау мүдделерінде пайдалануға әзірлікті және қабілеттілікті әзірлеу болып табылады.
Сонымен қатар, тыңдаушылар тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарымен, теріні қорғау құралдарымен, медициналық жеке қорғану құралдарымен, сондай-ақ бақылау мен барлаудың дозиметриялық аспаптарымен танысты.
Төрт күндік курс қорытындысы бойынша тыңдаушылар тестілеуден өтіп, оқудан өткені туралы тиісті сертификаттар алды.