2021 ЖЫЛДЫҢ 2 АЙЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ОРЫН АЛҒАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ТАЛДАУ

Ағымдағы жылдың 2 айында Алматы қаласының аумағында 165 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57%-ға (105) артық, бұл ретте 6513 адам зардап шекті, оның ішінде 16 адам өрттен, 6497 адам қауіпті жұқпалы аурулардан (COVID – 19). (2020 жылы-6, барлық 6 адам өрттен). 2021 жылы тіркелген төтенше жағдайлардың салдарынан 65 адам қаза тапты, оның ішінде 2 адам өрттен, 63 адам қауіпті жұқпалы аурулардан (COVID-19). (2020 ж. – 3 адам, барлық 3-і өртте).

Анықтама: зардап шеккендер (+1085есе) мен қаза тапқандардың (+21,6 р) көбеюі 2020 жылдың наурыз айынан бастап коронавирустық инфекцияның (пандемия) тіркелуіне байланысты.

Қаланың өрт сөндіру қызметімен – 5 адам құтқарылды (+40%; 2020ж. - 3), эвакуацияланғандар жоқ (-100%, 2020ж. - 56). Дабыл бойынша 412 шығу жасалды (2020ж. – 396), оның ішінде өрттерге – 164 (2020ж. - 102), авариялық-құтқару жұмыстарына – 12 (2020ж. - 26), өрт ретінде есепке алынбаған жану оқиғаларына – 197 (2020ж. - 223), халықтың қырағылығына – 36 (2020ж. – 40), облысқа – 3 (2020ж. – 5).

Дата публикации
03 марта 2021