2021 ЖЫЛДЫҢ I ТОҚСАНЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ОРЫН АЛҒАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ТАЛДАУ

Ағымдағы жылдың I тоқсанында Алматы қаласының аумағында 226 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелген (1-ші кесте), бұл 2020 жылдың I тоқсанындағы көрсеткішке қарағанда 44%-ға артық (2020ж.-157). Бұл ретте 16200 адам зардап шекті (16 адам өртте, 16178 адам қауіпті жұқпалы аурулардан (COVID-19), 6 адам әуе апатынан (2020 ж. – 93, оның ішінде 11 адам өрттен, 82 адам жұқпалы аурулардан (COVID-19)), оның ішінде 225 адам қаза тапты, (өрттен 2 адам, қауіпті жұқпалы аурулардан 219 адам (COVID-19), әуе апатынан 4 адам) (2020 ж. – өртте барлығы 5 адам). (2-ші кесте)

Анықтама: Зардап шеккендер (+174 есе) мен қаза тапқандардың (+45 есе.) көбеюі 2020 жылдың наурыз айынан бастап коронавирустық инфекцияның (пандемия) тіркелуіне байланысты.

Қаланың өрт сөндіру қызметімен 7 адам құтқарылды (+43%; 2020ж. – 3), 4 адам қауіпсіз жерге көшірілді (-14,5 есе, 2020ж. - 58). Дабыл бойынша 640 шығу жасалды (2020ж. – 782), оның ішінде өрттерге – 224 (2020ж. - 152), авариялық-құтқару жұмыстарына – 44 (2020ж. - 35), өрт ретінде есепке алынбаған жану оқиғаларына – 304 (2020ж. - 510), халықтың қырағылығына – 62 (2020ж. – 75), облысқа – 6 (2020ж. – 10).

Дата публикации
16 апреля 2021