Өртеніп тұрған көпқабатты тұрғын үйден ерлі-зайыптылар өрт автосаты көмегімен құтқарылды

2021 жылдың 19 наурызында сағат 17:00-де Алматы қаласы ТЖД 101 пультіне Медеу ауданы Жамақаев көшесіндегі жеті қабатты тұрғын үйдің тұрғындарынан көптеген қоңыраулар түсе бастады.

№ 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің есептері келген сәтте бесінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен үй заттарының жануы анықталды. Жоғарғы қабаттар қалың түтінге толып пәтерлерде қамалып  қалған тұрғындардың өміріне қауіп төндірді. Газ - түтіннен қорғаушылардың буындары арнайы құралдарды және АЛ-32 өрт сөндіру автосатыны қолданумен құтқару жұмыстарын ұйымдастырды, тұрғындарды баспалдақ арқылы эвакуациялау жүргізілді.

Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде 1977 және 1980 ж.т. ерлі-зайыптылар жетінші қабаттағы пәтерден құтқарылды. Өрт сағат 17.32-де толығымен жойылды. Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады.

Дата публикации
19 марта 2021