Жылыту кезеңінде өрттерді және адамдардың жарақаттануын азайту мақсатында, 2020 жылдың шілде және қараша айларында әкімдікте Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Т. Қожағапановтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) «2020-2021 жылдардағы жылу беру кезеңінде улы және табиғи газбен уланудың алдын алуға, сондай-ақ тұрғын үй секторында өрттерді болдырмауға бағытталған жұмыс барысы туралы» 2 отырысы өтті.
Комиссияның тапсырмасын орындау мақсатында аудан әкімдіктерімен бірлесіп, көп балалы және аз қамтылған отбасылар, жалғызілікті мүгедектер, атаулы өрт - алдын алу көмегіне мұқтаж зейнеткерлік жастағы адамдар пысықталып, жеке топқа шығарылды. Осылайша, 1869 отбасы халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызылды, олардың 274-і қатты отын пештерін пайдаланады, олар профилактикалық тексерулер аясында екі рет тексерілді.
Бұдан басқа, «Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қысыммен жұмыс істейтін газ жабдықтарын, қазандықтарды, баллондар мен ыдыстарды қауіпсіз пайдалану шаралары бойынша насихаттау айлығын» өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді. Осылайша, тұрғын үй саясаты басқармасымен бірлесіп Алматы қаласының жергілікті полиция қызметі басқармасымен 2021 жылғы 11 қаңтар мен 06 ақпан аралығында Әуезов, Алмалы және Алатау аудандарындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын тұрғын үйлерді бірлесіп комиссиялық тексеру шеңберінде Департамент аудандық әкімдіктермен және волонтерлік ұйымдарды тарта отырып, 144 үйге атаулы өрт - профилактикалық көмек көрсетілді (пештердің түтіндіктерін күйеден тазарту, жарықтарды бітеу, пештердің жарылған құрылымдарын ауыстыру, қабырғаларды ақтау және сылау түтін каналдарының өту орындарында, пеш алдындағы табақтарды ауыстыру және т.б.).
Әкімдіктердің қолдауымен қатты отынмен жылытылатын 1254 жеке тұрғын үй улы газ датчиктерімен жабдықталған (орнатылған датчиктерді ескере отырып 2018-2020 жж. кезеңінде), оның ішінде әлеуметтік осал отбасылардың барлық үйлері. 2020-2021 жж. жылыту кезеңінің басынан бастап Департамент қызметкерлері бірлесіп еріктілермен бірге үйлерде орнатылған улы газ датчиктері тазалау, үрлеу, қоректендіру элементтерін ауыстыру арқылы қызмет көрсетілді. Өткізілген барлық акциялар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Алматы қаласында барлығы 145 мың 471 жеке тұрғын үй бар, оның ішінде 1347 үй қатты отын пештерін пайдаланады, олар 2020-2021 жж. жылыту кезеңінің басынан бастап 100% тексерілді, тексеру барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің бұзылуын жою бойынша ұсынымдар берілді. Профилактикалық тексерулер барысында өртке қарсы тақырыпта барлығы 390 мыңнан астам жадынама таратылды.
Сонымен қатар, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап жеке тұрғын үй қорын қайта аралау басталды, бүгінгі күні 87 мың 480 жеке тұрғын үй (немесе 62,5%) өтті. Бұдан басқа, Департамент ұсынған мәліметтер негізінде аудан әкімдіктерінен жеке топқа каркасты-қамысты үйлердің тізімдері қалыптастырылды.
Алдын алу мақсатында Департамент басшылығымен ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында «жылыту кезеңінде жеке тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін бақылауды күшейту» тақырыбында 2 брифинг өткізілді, сондай-ақ «әкімдік-Live» бағдарламасына қатысты.
БАҚ-та телевизия арқылы 44 сюжет, радио арқылы 1935 сөз сөйлеу ұйымдастырылды, баспа басылымдарында өртке қарсы тақырыпта 277 мақала жарияланды. Алматы қаласында пандемия (карантин) кезеңінде Департамент күніне 4 рет 510 теле және 22 радиоарнаны ұстап алуды жүзеге асырды, онда тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары да жеткізілді.
Жалпы, улы, табиғи газдан уланудың және тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда.