Алматыда "Көктем 2021" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының қорытындылары бойынша баяндама

2021 жылғы 4 және 5 наурызда ұйымдастыру нұсқауларына сәйкес қалада "Көктем-2021"Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді.

"Дабыл-1001" дабылының түсуімен басқару органдары, азаматтық қорғау қызметтері, авариялық-құтқару құрамалары мен ТЖМ аумақтық бөлімшелері дайындыққа келтірілді.

"Тасқын-2002" дабылының түсуімен Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдарының тобы, сондай-ақ практикалық іс-шаралар өтетін жерге колонна құрамында марш жасап, қаланың азаматтық қорғау қызметтері көтерілді.

Практикалық іс-қимылдарды өткізудің негізгі орны болып Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі "Қарғалы" өзені арнасының учаскесі анықталды.

Оқу-жаттығу барысында қалада 9 км. өзендер мен каналдардың арналары тазаланды, 200 текше метрден астам қоқыс шығарып, ұзындығы 1600 метрден астам "Қарғалы" өзені арнасының түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді, ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери сарбаздары Райымбек даңғылындағы автомобиль көпірінің астын қар мен мұздан тазартты.

Оқу-жаттығуға азаматтық қорғау қызметтерінің, ҚР ТЖМ авариялық-құтқару құрамаларының 200-ден астам адамы мен 50 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Нәтижесінде атқарылған жұмыстар мұздықтардың еруіне жол бермейді, сондай-ақ жалпы халық саны 130 адамнан асатын 57 жеке тұрғын үйді су басу қаупін жойды.

Қалада шұғыл әрекет ету мақсатында жеке құрамнан 5247 адам, әртүрлі мақсаттағы 776 бірлік техника, 26 жүзу құралы, 92 мотопомпа және 99 бірлік автономды электр станциялары күштер мен құралдарды дайындыққа келтірілді.

Ағымдағы жылы Департамент су тасқыны қаупі бар 17 учаскені есепке алды.

Жедел әрекет ету мақсатында аталған учаскелерге нақты күштер мен құралдар бекітілген, олар қатты жаңбырдың болжамы кезінде осы учаскелерге алдын ала қойылатын болады.

Жалпы, қаладағы су тасқыны қаупі жіті бақылауда!

 

Дата публикации
20 марта 2021