Өрт сөндіруші-құтқарушы-10 C-SV-13 санатына сәйкес.
Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: өрттерді сөндіру және төтенше жағдайларды жою кезінде арнайы жұмыстарды жүзеге асыру, адамдарды құтқару және материалдық құндылықтарды эвакуациялау бойынша жұмыстарды жүргізу, жауынгерлік кезекшілік кезеңінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша қағидаларды сақтау, бөлімше мүлкін таза және тұрақты әзірлікте ұстау, өрт-техникалық қару-жарақ пен жабдықты, жеке жарақты, зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету, мотоциклге техникалық қызмет көрсетуді уақтылы орындау; Өрт-техникалық; жабдықты пайдалану қағидаларын сақтау, өрт мотоциклдерін пайдалану бойынша негізгі пайдалану-техникалық құжаттарды ресімдеу.
Шектеулер: «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
6-бабының 2-тармағына сәйкес шектелген адамдар /Құқық қорғау қызметіне: заңмен белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған; әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес лауазымдық өкілеттіктерді орындауға кедергі келтіретін сырқаты бар; медициналық немесе психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтпеген; қызметкер құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тартқан; құқық қорғау қызметіне тұрар алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; құқық қорғау қызметіне тұрғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке орналасқанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жұмыстан шығарылған; сотталғандығы бар немесе болған не қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің
35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік, әскери қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан теріс себептер бойынша шығарылған, сондай-ақ судья өкілеттігін теріс себептер бойынша тоқтатқан адам қабылданбайды/, сондай-ақ 17- бапқа сәйкес /Қызметкердің: өкiлдi органдардың депутаты және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшесі болуға, партиялар, кәсіптік одақтар қатарында болуға, қандай да бір саяси партияны қолдауға, құқық қорғау органдары жүйесінде өз мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру мен қорғау және еңбек жағдайын жақсарту үшін олардың кәсіптік мүдделерінің ортақтығына негізделген саяси мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бірлестіктерді құруға; педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтердi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алу және (немесе) өткізу жағдайларын қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға; заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға; өзiнiң қызметтiк әрекетiн қамтамасыз ететін материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға; ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға; лауазымдық өкiлеттiктерін атқаруға байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметiн жеке мақсатында пайдалануға; пайдакүнемдiк мақсатта, оның ішінде лауазымды немесе өзге де адамдармен сөз байласу жолымен қызмет бабын пайдалануға; өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруға, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуына құқығы жоқ./ қызметкер құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12- бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді /Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14, 14-1 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып.
Негізгі талаптар: жасы - 18 жастан 35 жасқа дейін, толық орта білім міндетті.
Іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі бар электронды нұсқасы;
3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, (нотариалды куәландырылған);
4) нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;
5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;
6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
7) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);
8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;
9) нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;
10) нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
11) спорттық разрядтың болуын растайтын құжат(бар болса).
Құжаттарды толық ұсынбау және дұрыс емес ақпарат көрсету оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Іріктеуге қатысушылардың құжаттары қабылдау хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Байзақов көшесі 300, анықтама үшін: 8 (727) 274-25-13, e-mail: ok_dchs_alm@emer.kz, okr.almaty@mail.ru мекен-жайында (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің кадр және тәрбие жұмысы басқармасы) жергілікті сағатпен 09.00- ден бастап 18.30 дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінен басқа күндері қабылданады.