«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті» ММ, индекс 050040, Алматы қаласы, Байзақов көшесі 300, e-mail: ok_ dchs _alm@emer.kz; тел: 274-25-13, азаматтық қорғау органдарының төмендегі бос лауазымдарына іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды

Өрт сөндіру автокөлігінің жүргізуші-қызметкері - 8 бірлік, C-SV-13 санаты.

Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: Өрт сөндіру машиналарының жүргізушісіне мынадай міндеттер жүктеледі: бөлімнің шығу ауданын, өту жолдарын, бөлімнің шығу ауданында су көздерінің орналасуын білу; тактикалық-техникалық сипаттамаларды, құрылғылардың мақсатын, өрт сөндіру автомобильдері мен басқа да өрт және авариялық-құтқару техникасының жұмыс істеу принципін, жұмысын және қызмет көрсету тәртібін білу; барлық арнайы агрегаттар мен механизмдерде, сондай-ақ автомобильдерде орнатылған радиостанцияларда жұмыс істей білу; өрт сөндіру автомобильдерін қызмет өткеру, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария қағидаларын сақтау; автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуді техникалық жай-күйін тексеру, сапалы, уақтылы орындау; сақтау қағидаларын және оларды қолдану тәртібін сақтау; гараж жабдығын пайдалану қағидаларын сақтау, өрт сөндіру автомобильдерін пайдалану бойынша негізгі пайдалану-техникалық құжаттарды ресімдеу.

Негізгі талаптар: жасы - 18 жастан 35 жасқа дейін, толық орта білім және «B,С немесе жаңа үлгі бойынша B,С, В1, С1» санаттағы жүргізу куәлігі міндетті.

Дата публикации
18 августа 2026