Жұмысқа деген махаббат.

Жұмысқа деген махаббат.

Өмірдегі басты байлық – адамдарға өзіңнің қажет екеніңді, өзіңнің пайдалы екеніңді білу. Біз жас ұрпақ ретінде өз іс-әрекетімізді өлшеп, мемлекетіміздің тарихында есімдері алтын әріптермен жазылғандармен қатарласамыз.

Азаматтық қорғау подполковнигі Ержан Тлеужанұлы Орымбаевпен әңгіме барысында Сарқан ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушының өртке қарсы қызмет және азаматтық қорғау органдарында қызмет ету кезінде алған  мол жұмыс тәжірибесі бар екендігіне қатты таң қалдым.

Ержан Тлеужанұлы өз жұмысын 2003 жылы Сарқан ауданының №34 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші ретінде бастады, онда 3 жыл жұмыс істеп, университетте оқуды аяқтағаннан кейін өзінің мансабын өрт сөндіру қызметінде жалғастыру туралы шешім қабылдады. 2006 жылы ішкі қызметтің лейтенанты атағын алып, ол сол бөлімнің қарауыл бастығы болып тағайындалды, онда шамамен 8 жыл жұмыс істегеннен кейін және көптеген өрттер мен жануларды сөндіруде тәжірибе жинап, аудандық деңгейде жаттығулар өткізіп, өзін жоғары лауазымда сынап көруге шешім қабылдады. 2013 жылы жұмыста жоғары көрсеткіштері үшін сол кезде Алматы облысында жаңадан құрылған Алакөл ауданының Достық станциясының №20 өрт сөндіру бөлімінің бастығы қызметіне жоғарылатылды. Бөлімше бастығының бірінші лауазымында жұмыс істеген кезде ол өзін жауапты қызметкер ретінде көрсетіп, 2014 жылы бөлімшені «Үздік өрт сөндіру бөлімі» республикалық байқауында 2-орынға шығарды. 2015 жылы Талдықорған қаласындағы Алматы облысының өрт сөндіру желісі орталық пунктін басқарды. 2017 жылы Талдықорған қаласының №22 өрт сөндіру бөлімін басқарып, сол жылы технология және өрт техникасы бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Өрт сөндіру бөліміндегі құрал-жабдықтарды жөндеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, 2018 жылдың басында Сарқан ауданындағы №34 ӨСБ-нің бастығы болып тағайындалды. 1,5 жыл жұмыс жасағаннан кейін ол Талдықорған қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімін басқаруға жіберілді. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап қазіргі уақытта Сарқан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметінде.

Ержан Тлеужанұлымен әңгіме жүргізе отырып, бұл үлкен мүмкіндіктері бар, өз Отанына қатты алаңдайтын және өз міндеттерін жауапкершілікпен орындайтын адам екенін еріксіз түсінесіз.

Сұрақ: Қызметтің қандай әсерлі сәттері есіңізде?

Жауап: Лауазымдарға тағайындау туралы бұйрықтар, бірақ ең әсерлісі өрт сөндіруші лауазымы, себебі мен ұзақ уақыт бойы өрт сөндіруші болуға дайындалдым.  Міндеттерін зерттеп, өрт-техникалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын машықтандырып, өрт сөндіру баспалдақтарымен жұмыс істеу, шын мәнінде барлық жұмыс уақыты-бұл әсерлі процесс: сізге біреудің тағдырына байланысты болатын жедел және бір сәттік шешімдер  шығару қажет болғанда, бір тапсырмадан келесі тапсырмаға ауысу керек болады. Мұның бәрі жүз пайыз жинақылықты, ұстамдылықты, жауапкершілік пен білімді қажет етеді.

Сұрақ: Сіз бірнеше рет жеке құраммен жұмыс істеу керек болатын басшылық лауазымдарды атқардыңыз. Мұндай жұмысты қалай сипаттай аласыз?

Жауап: Жеке құрам - бұл дұрыс басқаруды қажет ететін ұжым, өйткені әрбір қызметкердің, әріптестің, бағыныштының өзіндік мінезі, өзіндік дүниетанымы, әлеуметтік позициясы болады және олардың барлығы әртүрлі. Мен жеке құрамды басқарған уақытта барлық бөлімшелерде ең алдымен Отанға және адамдарға қызмет етуді жеке құрамның  алдыңғы қатарына қойдым. Олардың барлығы банкир, бизнесмен, кеңсе қызметкері бола алатын еді, бірақ ақыр соңында тағдырдың қалауымен олар азаматтық қорғау бөлімшелерінде жұмыс істейді, олардан толық функционалдық міндеттері талап етіледі. Көмекке мұқтаж адамдардың өмірі-олардың өрт-техникалық құралдармен және қару-жарақпен жұмыс жасау қабілеттері мен дағдыларына байланысты. Жеке құрамның барлығы-адамдарды өрттен, табиғи және техногенді  сипаттағы төтенше жағдайлардың барлық түрлерінен сақтайтын азаматтық қорғаныс гарнизонының күштері. Жеке құраммен жұмыс істеудің маңызды міндеті-белгілі бір аумақта пайда болған қауіпті факторларға байланысты бірқатар тапсырмаларды орындауға үнемі дайын болуды қамтамасыз ету. Сонымен қатар жеке құрамға жанындағы әріптесі үшін орындалған жұмыс бойынша жауапкершілікті пысықтау қажет.

Сұрақ: Жұмыс кезінде өміріңізге  қауіп төндірген қандай сәттер есіңізде?

Жауап: Менің қызметімде көптеген қауіпті сәттер болды, егер бәрін тізіп айтып шықсам көп уақыт алады, бірнешеуін айтып кетейін. Өрт сөндіруші болып жұмыс істеген кезімде көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы үйдің ас бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Біздің жауынгерлік бөлім оқиға орнына жеткен кезде, барлық ас үй жиһаздары өртеніп жатқандығы анықталды.  Газ баллонның бұрышында қысыммен от жалынының ағыны алау сияқты жүрді, газ баллоны жарылуына аз ғана уақыт қалды. Артымызда тұрғындар мен оларды эвакуациялауды бастаған біздің жігіттер болды. Менің бірінші қарауыл бастығым Бакдаулет Күнесұлы екеуміз жеңдік сызық сызып, оқпанды сөндіруге беріп, жиһазды сөндіріп, жалынды газ баллоннан алып тастап, газ баллонды салқындатуға кірістік. Кенеттен газ баллоны ысқыра бастады және тексеру клапанының кептеліп қалғаны белгілі болды, бізде таңдау болмады: егер біз оны терезеден лақтырсақ, онда жерге түскен кезде қысу пайда болады да жарылыс болуы мүмкін еді. Мен ыстық газ баллонды ұстап, баспалдақпен төмен қарай жүгірдім, ал қарауыл бастығы мені су құйылған баллонмен салқындатты. Баллон қауіпсіз қашықтықта болған кезде, газ қызметкерлері газ баллон салқындағаннан кейін тексеру клапанын алып тастады.

Тағы бір есте қаларлық оқиға, мен Достық станциясында бөлім бастығы болған кезімде болды. «Ырғайты» жерінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде жедел топпен бірге авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу орнына бардық, онда қатты бораннан және 48 градус мұзды температурада әрқайсысы екі адамнан төрт жүк көлігін таптық. Үш көлік пен алты адам, адамдарды өзімізбен бірге алып, төртінші көлікті іздей бастадық. Елді мекеннің маңынан іздеу ешқандай нәтиже бермеді. Басқа көліктердің жүргізушілері егер біз бұл жерден кетпесек, онда біздің де көлігіміз тоқтап қалып, осы жерде қалып қаламыз деп үрейлене бастады. Бірақ мен қандай жағдай болмасын іздеуді жалғастыруды шештім. Желдің жылдамдығы  30 м/с болатын далаға шығып, әріптесім Мархабаев Марленмен бірге құтқару арқанымен байланып, ломмен және радиостанциямен қаруланып, қар жамылғысы бойымен қозғала басатадық. Жарты сағаттың ішінде біз Ырғайты өзеніне апаратын қара жолдың бойымен жүрдік. Жол каналға түскен жерде соққы дауысы өзгеріп, айқай естідік. Кейін радиостанция арқылы біздің қозғалыс координатамызды URAL автокөлігіне үйлестіре отырып, біз көліктің шамамен тұрған орнын қолмен қаза бастадық, шамамен 10 минуттан кейін біздің машинамыз келді және сол уақытта біз жүк көлігінің бір терезесін қар құрсауынан шығарып үлгердік. Адамдарды қар құрсауынан босатып, біз 86 шақырым қашықтықта көрінуі 1,5 метр, ал температура -48 градус болатын Достық елді мекеніне бардық. Жол ұзындығы 20 метр және биіктігі 2-3 метр болатын қар үйінділерімен көмілгендіктен жабық болды. Бөлімшеге аман-есен жеткеннен кейін, төртінші жүк көлігінің жүргізушілері сол жерден кетуге тырысып, өзен арнасына қарай түскенде көліктері жүрмей қалғандығы анықталды. Өзенде артқа қарай жүре алмай, кабинада қалуды жөн көріп, жарты сағат өткеннен кейін көлік қармен үйіліп, бүкіл жүк көлігі қардың астында қалды. Біраз уақыттан кейін олар жоғарыдан қағылған дыбыстарды естіп, балалар сияқты қуанышпен айқайлағандарын жеткізді, өйткені қардың астында тұрып қалған көліктің кабинасында қалып  қалу қауіпті болатын.

Алакөл ауданының басшылығы аудан аумағында орындалған көптеген мінсіз құтқару жұмыстарына ризашылықтарын білдіріп, Алакөл ауданының «Қайсар жүрегі» белгісін және Құрмет громатасын табыстады.

Келесі оқиға  мен жұмыстан үйге қайтып бара жатқан жолда болды. Жанармай құю бекетіне кіріп, көлігіме май құйып жатқанда кенеттен барлық көліктердің бір уақытта кете бастағанын көрдім. Содан кейін, айналаға қарап бағананың ар жағында ескі  УАЗ автокөлігі тұрғанын білдім, одан көліктің алдыңғы бөлігінің астынан қою қара түтін мен жалын шығып жатқанын байқадым. Өрт сөндіргішпен сөндіру және алдыңғы бөлігін ашуға тырысу ештенеге әкеп соқтырмады. Уақыт өтіп жатты. Бір сәтте өрт машинаның ішкі бөлігіне қарай өтіп кетті, содан кейін мен көлікті қауіпсіз жерге сүйреуге шешім қабылдадым. Өз Джип көлігіме тросты бекітіп, көлікті сүйрей бастадым, нәтижесінде өз көлігімді бүлдіре жаздадым.  Сүйреп келе жатқан көліктің тежегішін басатын ешкім болмағандықтан, руль дөңгелегін оңға қарай бұрып, газ педальын соңына дейін басып, екі көліктің арасындағы тросты үзіп, УАЗ көлігін инерциямен тікелей жыртылған егістікке қарай жібердім, содан кейін өз уақытында келген өрт сөндірушілер көлікті сөндіре бастады. Жанармай құю бекетінің басшылығы, сондай-ақ қала әкімшілігінің басшысы көрсеткен батылдығым мен кәсіби шеберлігіме өз ризашылықтарын білдірді.

Сұрақ: Отбасыңыз сіз таңдаған мамандыққа қалай қарайды?

Жауап: Менің отбасым маған қымбат адамдардан тұрады: әкем-Орымбаев Тілеужан Қапсиметұлы, анам-Орымбаева Бағдат Өмірғалиқызы, ағаларым-Орымбаев Мұрат, Орымбаев Санат, әпкем-Орымбаева Әйгерім, әйелім-Дүйсенбекова Гульвира Серікқызы, ұлдарым-Алмаз, Ерасыл, Ертілеу және ең кіші ұлым Ералы. Олар менің мамандығыма қалай қарайды?! Менің ойымша, бұл оларға ұнамайды, өйткені мен өзімнің көп уақытымды жұмысқа арнаймын. Мен таңертең жұмысқа 6-да кетіп, 11-ден кейін қайтқан күндерім де болды. Қызмет бабымен кенеттен төтенше жағдай туындаған жерге кетіп қалған кездерім болды, жылдар бойы өз үйімнен алыс жерде жұмыс жасадым. Алайда осындай жағымсыз сәттермен қатар менің туыстарым мені мақтан тұтады: олар басшылықтың маған қандай үлкен жауапкершілік жүктейтінін біледі және әрдайым моральдық-психологиялық жағынан қолдау көрсетеді. Мен барлық жақындарыма түсіністік, сезімталдық пен сүйіспеншілік танытқаны үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді, себебі олардың қолдауынсыз мен осындай үлкен нәтижеге жете алмас едім.

Ұрпақтар арасындағы байланыс баға жетпес миссияны жүзеге асырады: ол адамзат баласын «Руханият» деп аталатын шыңға жетелейді. Үлкендердің айтқанын тыңдамау, оларды құрметтемеу, олардың ақыл-кеңестерін бағаламау, өзіңнің ата-бабанды ұмыту, алдыңғы ұрпақтардың жетістіктеріне қызығушылық пен мақтаныш сезімдері болмауы адамның өз жандүниесін кедейлендіре түседі және балаларын өзіне солай қарым-қатынас жасағанына айыптайды.  Демек, оның өмірі аяқталған кезде оны еске алып жылайтын, оның жетістіктерімен мақтанатын ешкім болмайтындығына, балаларына аталарының қандай керемет адам болғандығы туралы айтпайтыны осы айтылғандарды тыңдамай арадағы байланыс жоғалады, бұл біздің жердегі өмірімізге қосымша мән береді. Ұрпақтар арасындағы байланыс-бұл тек тәжірибе алмасу үшін ғана емес, сонымен қатар бұл эстафетаны жас ұрпаққа беріп кететін ата-бабамызға деген құрмет. 

 

                                                  Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

                                                                      Сарқан ауданы ТЖБ инженері

                                                             азаматтық қорғау аға лейтенанты                                                                          Г.Қанапияновамен бырлесіп