
Алматы облысында Төтенше жағдайлар департаменті мен жетекші ерікті ұйымдар арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл — қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге және зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағытталған маңызды қадам.
Меморандум аясында Алматы облысы ТЖД мен бірқатар ерікті ұйымдар бірлесіп төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халықты оқыту және төтенше жағдайларға дайындықты арттыру бағытында жұмыс істейтін болады. Еріктілер мен құтқарушылар ортақ мақсат — өңір тұрғындарының қауіпсіздігі мен қолдауын қамтамасыз ету жолында күш біріктіруде.
Алматы облысы ТЖД