Бүгінгі күні, статистика көрсеткендей, көп жағдайларда өрттердің 80% тұрғындардың абайсыздығынан болады. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін және басталған тұтануды жою тәсілдерін білмеу, өртке қарсы қызметін уақтылы шақырылмауы және адамдардың әбігерленуінен өрттердің таралуына алып келеді және оларға келтірілген залалды арттырады.
Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде, Көксу ауданының ТЖБ, Балпық би ауылының №8 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамын жұмылдыра отырып, Көксу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен, Көксу ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен және «Көксу жастары» жастар қанатының еріктілерімен бірлесіп «Әрбір үйге өрт қауіпсіздігі» акциясы өткізілді. Акция аясында, Балпық би ауылындағы 4 үйдің жылыту пеші тексеріліп, түтін құбырларын күйеден тазалау және жарықтарды сылау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, АПБ қызметкерлерімен, тіркеуде тұрған бейәлеуметтік өмір салтын жүргізетін адамдардың отбасыларына (4 отбасы) рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Іс-шара барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі тақырыптарында жадынамалар және ұсыныс парақтары таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл акцияның мақсаты ауданның жеке тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу, өрттерде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау, қысқы кезеңде пештерді пайдалану және электрмен жабдықтау кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын халыққа жеткізу.
Өрттің пайда болуының және тұрғын үй секторында адамдардың қаза болуының негізгі себептері:
- пешті қатты және сұйық отынмен жағу кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу;
- тұрмыста газ аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу;
- электрмен жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу;
Ең алдымен өрт шыққан жағдайда «101» нөмірі бойынша өртке қарсы қызметке қоңырау шалыңыз»
Алматы облысы ТЖД тұрғын үй секторындағы өртке қарсы ережелерін бұзбауды және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі