
Алматы облысында жыл сайын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. 2025 жыл да ерекшелік болған жоқ — бұл бағыттағы іс-шаралар еліміздің барлық аймақтарында «Таза Қазақстан» экологиялық айлығы аясында жалғасуда.
Аталған бастамаға Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен өңірдегі барлық өрт сөндіру бөлімшелері белсене қатысты.
Қызметкерлердің бірлескен еңбегінің арқасында елді мекендердің келбеті жақсарып, қоршаған ортаның жай-күйіне оң әсерін тигізді.
«Экологиялық тазалық пен абаттандыру – тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруінің маңызды бөлігі. Мұндай шаралар елді мекендердің көркеюіне ғана емес, жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға да ықпал етеді», – деп атап өтті Алматы облысы ТЖД өкілдері.
Құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің мұндай экологиялық шараларға қатысуы – өмірді қорғау тек төтенше жағдайларға әрекет етумен шектелмей, қоршаған ортаға қамқорлық жасаумен де байланысты екенін көрсетеді.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті акцияға қатысқан барлық азаматтарға алғыс білдіреді және өңір тұрғындарын табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға шақырады!
Таза орта – қауіпсіз орта. Бірге болсақ – күштіміз!