Көп қабатты ғимараттардағы қауіпсіздік

Көп қабатты ғимараттардағы қауіпсіздік

Көп пәтерлі үйлер-бұл жоғары қауіпті объектілер, өйткені оның үй-жайларының бірінде туындаған өрт қысқа мерзімде басқа пәтерлер мен қабаттарға ауыса алады. Жөндеу үшін тұрғындар пайдаланатын әрлеу материалдарының көпшілігі өте өрт қауіпті, сонымен қатар олар жанған кезде улы қосылыстар шығарады, бұл жағдайды одан әрі қиындатады. Көп қабатты тұрғын үйлердегі өрттердің негізгі себебі адамның немқұрайлылығы, яғни отты абайсыз пайдалану, электр желілерін, электр жабдықтарын монтаждау мен пайдаланудың бұзылуы, мас түрде шылым шегу кезінде байқаусыздық, балалардың отпен ойнауы болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Көксу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері 2020 жылғы 12 қыркүйекте "Әр үйге қауіпсіздік" акциясы аясында "Көксу Жастары" Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен, Көксу ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен бірлесіп Мырзабеков көшесі №1,№7 "В", №3, №5, Исабаев көшесі №117, 117 "а"орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен жиын өткізілді.

Жиын барысында тұрғындарға өрт шыққан жағдайда әрекет етудің негізгі ережелері түсіндірілді, алғашқы өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндіргіштер) пайдалану бойынша нұсқаулықтар көрсетілді, биіктігі 2 қабаттан асатын көп қабатты үйлерде газ баллондарын пайдалануға жол бермеу туралы, сондай-ақ балалардың терезеден құлап кету фактілерінің алдын алу туралы ережелер түсіндірілді.

Алматы облысы ТЖД барлық азаматтарға белгіленген ережелерді қатаң сақтауларын, өртке немесе жануға әкелетін әрекеттерді жасамауға шақырады:

- пәтерлерде лезде жанатын және жанғыш сұйықтарды, газ баллондарды және балкондарда жанғыш заттарды сақтамаңыз;

- әр түрлі материалдармен коридорларды, баспалдақ жайларды үйіп тастамаңыз;

- балаларды қараусыз қалдырмаңыз, балаларға қолжетімді орындарда сіріңкелермен оттықтарды сақтамаңыз;

- төсекте, диванда темекі тартпаңыз, ашық отпен әсіресе маскүнемдік түрде қолданбаңыз;

- электржабдықтарды және басқа да тұрмыстық құралдарды қосулы түрде қараусыз қалдырмаңыз;

- тозған электрсым, ақаулы розеткалар және өшіргіштермен қолданбаңыз;

- қоқыс контейнерге сіріңке мен тұқырларды лақтырмаңыздар;

- өрт жағдайы орын алғанда, бөлмеден эвакуациялау кезінде лифттарды қолданбаңыз, себебі олар электр желілердің кәдімгі жұмыс режимінің бұзылу нәтижесінде өшіріліп, тоқтайды;

- кіру жолдарын және алаңдарын жеке меншік автокөліктермен жаппаңыз;

- от пен қатты түтінге толған учаскеден шыға алмаған кезде қылтимаға (балкон) шығып, өрт сөндірушілерден немесе құтқарушылардан көмек күту қажет.

Есте болсын, өрт қауіпсіздік ережелерін бұзудан пәтердің ішінде өрт қауіпі ғана пайда болмайды, сонымен қоса көршілес тұрып жатқан адамдардың өміріне де өте үлкен қауіп төнетінін естен шығармаған жөн.

                    Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі