
2020-2021 ж.ж. алдағы жылыту маусымына дайындық мақсатында, Ескелді ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Алматы облысының ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, "ӨР және АҚЖ" ММ-нің Қарабұлақ аауылының 23 - ӨСБ жеке құрамын және Ескелді ауданының еріктілерін, сондай-ақ "Жетісу" телеарнасының өкілдерін тарта отырып, үстіміздегі жылдың 12 қыркүйегінде Ескелді ауданының аумағында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі сенбілігін өткізді.
Өткізілген сенбілік аясында тұрғын үй секторын аралау ұйымдастырылды, халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне ерекше назар аударылды. Осылайша 140 үй қамтылды, оның ішінде 12 үй әлеуметтік осал, осылайша осы санаттағы адамдардың үйлерін 100% аралау аяқталды. Қарабұлақ ауылының ЖПҚ учаскелік инспекторымен бірлесіп әлеуметтік қарсы өмір салтын ұстанатын 2 отбасына бару жүргізілді, онда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі (төсекте темекі шегуге тыйым салу, аумақты жанғыш қоқыстан жинау қажеттілігі және т.б.) туралы түсіндірілді. "Көмек қолы" акциясы аясында аз қамтылған отбасыға көмек көрсетілді, атап айтқанда мұржаны тазалау жүргізілді.
Сондай-ақ, иісті газ датчиктері орнатылған үйлерде датчиктің жұмыс істеу принципі, оны орнату бойынша, сондай-ақ қуат көздерін (батарейкаларды) тексеру және ауыстыру қажеттілігі туралы түсіндіру әңгімелері жүргізілді. Қарабұлақ ауылының 23-ӨСБ жеке құрамының орталық базар аумағында дауыс зорайтқыш құрылғымен сөз сөйлеу ұйымдастырылды. Қарабұлақ аулының 23-ӨСБ және Ескелді ауданының ТЖБ жеке құрамымен аулаларды аралау жүргізу алгоритмі және тұрғын үйлер үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын (пештердің жай-күйі, аумақты күтіп ұстау, ірі азықтарды сақтау) білу бойынша сауалнама жүргізілді,
Сенбілікке барлығы жеке құрамнан 25 адам қатысты (Алматы облысының ТЖД – 5, Ескелді ауданының ТЖБ – 4, Қарабұлақ ауылының - 23 ӨСБ – 9, еріктілер – 6, ЖПҚ учаскелік инспекторы – 1). Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
2) жарылған құбырды пайдалануға болмайды;
3) әрбір пештің жануы мүмкін қабатында от жағу есігінің алдында көлемі 50х70 см кем емес оттық алдындағы парақты орнату қажет;
4) пеште киім мен отын кептіруге болмайды;
5) пешті оттыққа сыймайтын отынмен жағуға болмайды;
6) пешті қараусыз қалдырмаңыздар.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі