Құтқарушылар үйде қамалып қалған қарт әйелге көмектесті.

Құтқарушылар үйде қамалып қалған қарт әйелге көмектесті.

2020 жылғы 12 қыркүйекте Алматы облысы ТЖД құтқарушылары науқас әйелді құлыптаулы пәтерден шығарып алу үшін шақыруға шықты.

Талдықорған қаласының «Самал» шағын ауданында орналасқан үйде аяғын жарақаттанған және өздігінен қозғала алмаған науқас қарт әйел өз пәтерінде қамалып, дәрменсіз күйде қалды.

ТЖД құтқарушылары терезеден үйге кіріп, әйелге көмек көрсетті, ол үшін жоғарғы қабаттың балконынан оның пәтерінің балконына түсу жүргізіліп, есікті ішінен ашты.

Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан 5 адам және 2 бірлік техника шықты.

                           Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі