Ауыл шаруашылығы өндірушілерімен нұсқаулық өткізілді!

Ауыл шаруашылығы өндірушілерімен нұсқаулық өткізілді!

Көксу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері 2020 жылғы 07 қыркүйек пен 11 қыркүйек аралығында Балпық ауылдық округінің шаруа қожалықтарының басшыларымен (ЖК «Каримов» 400 бас ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасы», ШҚ «Валентина» және т.б.), ірі жем-шөпті сақтау және астық жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша алдын алу іс-шараларын өткізді. Шаруа қожалықтарының басшылары мен директорларына жем-шөпті жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері және егістіктерді жырту қаншалықты маңызды, егін жинау кезінде шаруа қожалықтарының еңбеккерлері қандай алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы тиіс, өрт кезінде пайдалану және ауыл шаруашылығы техникасын алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау жөніндегі нұсқаулықтар жеткізілді. Ұйым басшыларына тракторлар мен машиналардың ұшқын сөндіргіштерінің жарамдылығына, техникалық байқаудан уақтылы өтуге ерекше назар аудару қажет, өйткені отпен кез келген абайсыздық материалдық шығындарға әкелуі мүмкін, жетіспейтін өрт сөндіру құралдарын сатып алу және объектіні өрт қауіпсіздігі жағдайына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыныс берілді, сондай-ақ өртке жол берген адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын түсіндірді.                                                                Ірі жемді жинау және сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша, келесі өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау қажет:

- ірі азықтарды ферма ғимараттарынан алшақ жалғастыра салынған жанбайтын 0,75 сағаттан кем емес отқа төзімділік шегімен бітеу аражаппалары және үстіңгі жабыны бар жайларда ғана сақтау рұқсат етіледі.

- жалғастыра салынған жайлардың шығу жолы тек сыртқа шығуы тиіс.

- шөп жинайтын жайлар жер үйіндісімен, сымды албарлармен қоршалуы керек. Салмақтыларын жайлардан тыс орнату керек.

- ірі азықтардың маялары, ірі азықтар үйіндісін электр беру құрылғылары жолынан 15 метрден кем емес, жолдан 20 метрден кем емес және құрылыстармен ғимараттардан 50 метрден кем арақашықтықта орналастыру қажет. 

- орман алқаптары маңында орналасқан шөп қоймалары, ені 1 метрге қазылған жыра қоршауынан 20 метрден кем емес қашықтықта болуы тиіс.

- өндіріс-шаруашылық кешендерінің аумағындағы ірі азық қоймалары арнайы орнатылған алаңда орнатылуы қажет. Бір немесе бірнеше маяларды орнату алаңдарында ені 4 метрлік периметр жолақтарын жырту қажет. Алаңдағы жолақтар мен мая арақашықтығы 15 метрден кем болмау, ал жеке тұрған шөмеден 5 метрден кем болмауы тиіс.

- бір маяның орналасу ауданы 150 м² аспауы тиіс, ал қатарынан престелген маялар ауданы 500 м² аспауы керек.

- өртке қарсы қашықтық жеке қатар, қалқа және маялардың аралары 20 метрден кем болмау керек. Жұпты қатарлар, қалқалар және шөп маяларын орнату барысында, аралары 6 метрден кем емес, ал жұптарының арасы 30 метрден кем болмауын ескеру қажет.

- бірнеше бөліктердің өртке қарсы қашықтығы (20 шөме немесе қатарға дейін) 100 метрден кем болмауы тиіс.  

- ылғалдылығы жоғары шөптерді конусты мая түрінде, арақашықтығы 20 метрден кем болмайтындай жинақтау ұсынылады. Өздігінен жануға бейімді ылғалдылығы жоғары шөп маяларында,  дюймдік кесінді металлды құбырларға орнатылатын және маяларда әртүрлі тереңдікте орналастыратын қарапайым сынапты термометрдің көмегімен әрдайым температуралық бақылауды жүргізіп отыру қажет.

- ірі азық сақтайтын қоймаларда істейтін тракторлар мен автокөліктер ұшқын басқышпен жабдықталуы тиіс, ал автокөліктердің бәсеңдеткіші алдыға қарай бампердің астына шығып тұруы керек. Жабдықталмаған автокөліктер жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

- трактор-тартқыштың шығару түтіктерімен, коллектор немесе бәсеңдеткішпен және жүк түсіру жұмыстарында жүрген автокөліктердің тікелей тежелуінен ірі азықтың жануының алдын алу үшін, шөп маяларына 3 метрден жақын ара қашықтықта жақындамау керек.

- азықтарды автокөліктің шанағына тиеу барысында оның қозғалтқышы сөндіріліп тұруы тиіс. Қоймадан шығу тек автокөліктің тұратын орнын тексергеннен кейін және шығару түтіктерінің маңына шөпті жинағаннан кейін рұқсат етіледі.

- ірі азық қоймаларында өрт болған жағдайда 50 м³ кем емес су қоры болуы тиіс.

Қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, Сіз өзіңізді өрттің жойқын салдарын, ірі материалдық залалдан қорғайсыз.

 

Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі