Алматы облысының су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Алматы облысының су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Суда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында суға шомылу маусымы басталғаннан бері Төтенше жағдайлар департаменті облыстық Полиция департаментімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастыру және практикалық іс-шаралар кешенін өткізуде.

Облыс бойынша шомылуға рұқсат етілген 61 орын орнатылды. Жағажайларда кезекшілікті қамтамасыз ету мақсатында құтқару бөлімшелері 30 құтқарушы - жасақшыларды оқытты. 1534 ескерту белгілері мен 132 көрнекі стенд орнатылған, онда су айдындарындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері көрсетілген (суға шомылу маусымы басталғаннан бері). Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау және су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғандарды анықтау бойынша графиктер жасалып, Аудандық ТЖБ, ПБ бірлескен рейдтер жүргізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы су айдындарындағы жүріс-тұрыс қауіпсіздігінің негізгі шаралары белсенді түрде жеткізіледі. Облыс бойынша (суға шомылу маусымы басталғаннан бері) барлығы 5 брифинг өткізілді, халық арасында 70 мың 298 дана үгіт-насихат өнімдері (буклеттер, парақшалар) таратылды, теледидарда сөз сөйлеу - 51; радиохабар тарату бойынша – 351; баспа басылымдарында-275 сөз сөйлеу; "Судағы қауіпсіздік" атты 5 акциясы өткізілді (Қапшағай су қоймасында 2 рет, Алкөл көлінде 2 рет, Балқаш көлінде 1 рет).

Суға шомылу маусымын қорытындылай келе,адамдардың қаза болу себептері негізінен мас күйінде және рұқсат етілмеген жерлерде шомылу, балық аулау кезінде болғанын атап өткен жөн. Көп жағдайда қайғылы оқиғалар азаматтардың өз кінәсінен орын алды. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін 2668 құтқарушылар рейд жүргізді. 1 қыркүйекте шомылу маусымы ресми түрде аяқталғанына қарамастан, ТЖД қызметкерлері, полиция және еріктілер рейдтерге шығуды жалғастыруда, өйткені облыс тұрғындары әлі күнге дейін ескертулерге назар аудармайды.

Алматы облысының ТЖД шомылу кезінде негізгі ережелерді сақтауды сұрайды.

Үзілді-кесілді тыйым салынады:

- шомылуға тыйым салынған орындарда;

- өтетіп бара жатқан катерлер мен қайықтарға жақын жүзуге;

- шомылып жатқан балаларды қараусыз қалдыруға;

- қоршау белгілерінен тыс жүзу;

- көпірлерден, бөгеттерден, айлақтардан, қайықтардан және катерлерден суға секіруге;

- бейтаныс жерде сүңгуге.

Егер сіз қайықта болсаңыз:

- иесіз және техникалық ақаулығы бар қайықтарды пайдаланбаңыз;

- құтқару және су төгу құралдарынсыз, сондай-ақ дауылды ауа райында жүзуге шықпаңыз;

- жүзу құралдарын жолаушылар мен жүкпен техпаспортта көрсетілген лимиттен артық жүктемеңіз;

- мас күйде жүзу құралдарымен жүзбеңіз;

- бортқа және мұрын бөлігіне отырмаңыз;

- бір қайықтан екінші қайыққа жүзу кезінде ауысып отырмаңыз және қайықтан суға сүңгімеңіз;

- қараңғы түскенде жүзу құралдарын пайдаланбаңыз;

- 14 жасқа дейінгі балаларға ересектерсіз пайдалануға рұқсат бермеңіз.

Егер Сізде

  • шаршау белгілері болса;
  • күн көзінде көп жүріп дене қызуы болса;
  • қарыныңыз ашса, шөлдесеңіз;
  • - жақында болған аурулардан кейінгі жағдай шомылудан бас тартқан жөн.

Қол саусақтарының тартылу кезінде тез, қолды жұдырыққа күшпен қысыңыз, қолды бүйірге қарай күрт лақтырыңыз және жұдырықты, бұзау бұлшықетін қысыңыз – бүгіңіз, қолыңызбен аяқтың табанын ұстаңыз және күш – қуатпен өзіңізге, жамбас бұлшықеттеріңізге қарай тартыңыз аяқты білегіңіздің сыртқы жағынан (көтеру үшін) ұстап, тізеңізге бүгіңіз, артқа қарай тартыңыз.

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі