
Көп жағдайларда, газ құралдарын қолдану кезінде адамдардың жарақат алуы және өлімге әкеп соғатын себептер ол қарапайым өрт қауіпсідік ережелерін сақтамауынан орын алады. Негізінде көгілдір отының сыртқа шығуы, дұрыс орнатылмауы себебінен болады, және бұл ақаулық бірден сезілмейді.
Жиналған газдың иісін үй иелері күндізгі уақытта сезби қалуы мүмкін, түні бойы жиналған газ аса қауіпті мөлшерге жетіп, сірінкенің бір тұтамынан немесе басқада ашық от көзімен қолданғанда жарылу қауіпі төнеді.
Бөлмеде газдың иісін сезсеңіз дереу газ плитаға газ беруін тоқтатыңыз. Үйдегі электрожарықты, басқада электроқондырғыларды қоспаңыз, темекі шегіп сірінкемен қолданбаңыз.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт шығуын болдырмауы үшын тұрғын үй иелері газ құралдырымен қолдану кезінде төменде көрсетілген талаптарды сақтауы міндет:
Жеке баллонды сыртта немесе іште қолдануға болады. Баллондарды пәтерлі тұрғын үйлерде екі қабаттан артық емес, және бір үйде бір баллоннан артық емес орналастыруға болады. Бұл жағдайда баллон міндетті түрде оның қолдану мақсаттарына сәйкес болуы қажет.
Есіңізде болсын бір ұшқын үйде жинақталған газдың жануы үшін жеткілікті, бұл сөзсіз жарылысқа содан кейін өртке әкеп соғады. Бөлмеде газдың иісі болмауын мұқият тексеріңіз, газдың иісі болған жағдайда тереземен есіктерді ашып желдетіңіз. Осыдан кейін бөлмеден шығып газдың иісі түгел шықпағанша кірмеңіз. Егер газдың иісі кетпеген жағдайда жедел газ қызметкерлеріне 104 телефон нөмірі бойынша хабарласыңыз.
Құрметті Алматы облысынын тұрғындары! Алматы облысы ТЖД газ қондырғыларын қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін катаң түрде ұстануыңыз қажет екенін ескертеді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі