Алматы облысы ТЖД-да Президент Жолдауын түсіндіру бойынша жиналыс өтті

Алматы облысы ТЖД-да Президент Жолдауын түсіндіру бойынша  жиналыс өтті

2020 жылғы 8 қыркүйекте Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Қазақстан Жаңа шындықта: іс-қимыл уақыты"атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тезистерін түсіндіру бойынша жиналыс өтті.

Алматы облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы А. Тойшыбеков Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттары мен міндеттерін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік этика нормаларын сақтауына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Департаменттің жеке құрамына табиғи және техногендік апаттар дәуіріне енгенімізді ескере отырып, ҚР Президенті Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру қажет деп санайтыңдығы туралы Жолдау тармағы жеткізілді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі