Марапат өз батырларын тапты

Марапат өз батырларын тапты

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде өзенге құлаған қызды құтқарған Дәурен Жарқынбеков пен Елена Падалкина марапатталды.

2020 жылғы 11 мамырда шамамен 18 сағат 20 минутта Текелі қаласының "Алатау" шағын ауданындағы "Шанс" кафесінің ауданында бала Қора өзеніне құлап кетті. Оқиға салдарынан ол өзенінің бойымен жүзе бастады. Суға батып бара жатқан баланы бірінші болып Жарқынбеков Дәурен көрді, ол жағалауда ағасымен бірге болған. Дәурен бірден оның артынан суға секіріп, оны судан шығарды. Жақын жерде өтіп бара жатып Падалкина Елена не болып жатқанын көріп, дереу балаға өкпені жасанды тыныс алу түрінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірісті. Жедел медициналық жәрдемнің келуін күтпестен, Жарқынбеков Дәурен мен Падалкина Елена жол бойындағы көлікті тоқтатып, қызды Текелі қалалық ауруханасына апарды.

Олардың батыл және сауатты әрекеттерінің арқасында баланың өмірі құтқарылды.

Азаматтық борышын орындау және адамдардың өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Падалкина Елена ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Төрағасының Алғыс хатымен марапатталды, ал Жарқынбеков Дәурен Қазақстан Республикасы ІІМ «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды.

Біздің облыс тұрғындары арасында қиын сәтте өз өмірлерін қатерге тігіп, көмекке келуге дайын батырлар бар екеніне қуаныштымыз. Департамент бастығының міндетін атқарушы А.Т. Тойшыбеков марапаттарды тапсыра отырып, оларға мықты денсаулық және отбасылық амандықты тіледі.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі