ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты 2020-2021 жылғы түлектерді оқуға қабылдайды

ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты  2020-2021 жылғы түлектерді оқуға қабылдайды

Ақсу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен 2020-2021 оқу жылында ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтқа үміткерлерді дайындау мақсатында аудандағы жалпы орта білім беретін мектебі және мектеп-гимназиясына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитетінің бөлімшелері үшін жоғары білімді мамандар дайындауды жүзеге асырады. Институтқа ҰБТ табысты тапсырған орта білімді (2021 жылғы мектеп түлектері) немесе орта кәсіптік білімі бар, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.     

ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына іріктеуден үздік өткендер Ресей және Беларусь Республикасы ТЖМ бейімді жоғары оқу орындарына түсуіне мүмкіндігі бар. Институт түлектеріне азаматтық қорғау лейтенанты арнайы атағы беріледі, ЖОО бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасы ТЖ  Комитетінің барлық аумақтық бөлімшелеріндегі жұмыс орынымен қамтамасыз етіледі. Оқу мерзімі ҚР Қарулы күштер қатарындағы қызмет ретінде есептеледі.

         Институтқа қабылдау ҚР Білім және Ғылым  Министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы дайындаған технология бойынша өткізілген ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы негізінде берілген сертификат балына сәйкес жүргізіледі.

     Бұрынғы орта білім алған түлектерге бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектерімен кешенді тестілеу, институттың өзінде өткізіледі.

         ҰБТ төмендегі пәндер бойынша өткізіледі:

- Математика-салалық және Физика;

- Үміткерлерге қойылатын талаптар: жақсы үлгерім, дұрыс-оң мінездеме, әскери қызметке жарамдылығы, бойы -170 см-ден кем болмауы, математика және физика пәндерінен жылдыққа шығарылған бағасы 4-тен кем болмауы шарт.

         Оқуға үміткерлер ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты әскери-дәрігерлік комиссиясы арнайы ұйымдастырған қосымша медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өтеді және дене тәрбиесі дайындығынан саралап жіктеу сынағын тапсырады.  

Ресімдеу мәселесі бойынша Талдықорған қаласы, Ш. Уалиханов көшесі № 179,  Тел. / факс (7282)  22-15-67 кадр бөлімі.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі