Бартогай су қоймасындағы іздестіру жұмыстары аяқталды

Бартогай су қоймасындағы іздестіру жұмыстары аяқталды

18 наурызда түнгі сағат 00:00-ден бастап Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Бартогай су қоймасы аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Із-түзсіз жоғалғандар – 1984 жылы туған ер адам, 1981 жылы туған оның жұбайы және 2016 жылы туған қыздары. Олар 15 наурыз күні Алматы қаласынан Бартогай су қоймасы бағытына демалысқа шығып, сол уақыттан бері байланысқа шықпаған.

Іздестіру жұмыстарына Алматы облысы ТЖД-ның 11 қызметкері және 3 техникасы, ТЖД Жедел-құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 ұшқышсыз аппарат, 1 кинологиялық есеп, 1 Iridium және 1 техника, сондай-ақ ҚР ТЖМ РОСО-дан 6 құтқарушы, 1 ұшқышсыз аппарат, 1 кинологиялық есеп, 1 Iridium және 1 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, Полиция департаментінің 6 қызметкері мен 2 техникасы тартылды.

18 наурыз күні сағат 05:00-де ТЖД және ҚР ТЖМ РОСО топтары су қоймасы маңын шолып шығып, Шарын шатқалына қарай бет алды.

Сағат 06:10-да отбасы Ассы үстіртінің маңында табылды. Олар қар құрсауында қалып қойған. Медициналық көмек қажет болмады.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі