
Комиссия құрамындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Балқаш ауданы әкімінің орынбасарымен бірлесіп, Іле өзенінің сағасы мен Балқаш көлінің тармақтарын аралап шықты.
Ағымдағы жылдың 12 наурызынан 13 наурызына дейін комиссиялық шығу барысында 1330 тұрғыны және 267 үйі бар Күйген елді мекенінде ҰҰА көмегімен Іле өзенінің сағасы мен Балқаш көліне дейінгі сегіз тармаққа көзбен шолу жүргізілді. Сондай-ақ, Іле өзеніндегі "Алқакөл" сағасында 1345 тұрғыны бар Жиделі елді мекенінің аумағында және 293 үйде көзбен шолып ҰҰА көмегімен тексеру жүргізілді.
Комиссиялық шығу нәтижелері бойынша ІЛЕ өзенінің сағасы мен Балқаш көлінің тармақтарына баға берілді. Жоғарыда аталып айтылған жұмыстар су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Алматы облысының ТЖД алдын алу шараларын қабылдауды жалғастыруда және гидрологиялық жағдайдың өзгеруіне жедел ден қоя отырып, жағдайды бақылауда ұстайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі