Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өнеркәсіптік басқармасы мемлекеттік инспекторлары «Автогаз Трэйд» ЖШС-не тексеріс жүргізді

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өнеркәсіптік басқармасы мемлекеттік инспекторлары «Автогаз Трэйд» ЖШС-не тексеріс жүргізді

Тексеріс «2025 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу тізіміне» сәйкес жүргізілді.

Профилактикалық бақылау барысында  газ толтыру станция объектісі назарға алынып, ондағы орналасқан 18 дана қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар тексерілді. Инспекторлармен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 7 тармақ бұзушылық анықтады. Тексеріс нәтижесі бойынша акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Сондай-ақ кәсіпорын өкілдерімен анықталған бұзушылықтар бойынша пікірталас жүргізіліп, бұзушылықтарды жою мерзімдері талқыланды.