
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Төтенше жағдайлар департаментінің қысқы кезеңде су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында балықшылар мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «МҰЗ –2025» республикалық үгіт – профилактикалық айлығы турасында брифинг өткізілді.
Мұндағы мақсат – облыстың су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігі, әсіресе түнгі уақыттарда әуесқой балықшылардың оқыс оқиғаға тап болмауы үшін, қайғылы жағдайлардың алдын алуы үшін рейдтік жұмыстар жүргізу. Соған сәйкес, демалыс және мерке күндері күшейтілген режимде рейдтік шаралар жүргізіліп тұрады.
Сонымен қатар, жазатайым оқиғаларды болдырмау, мұз үстінде адамдардың жарақаттануы мен өлімінің алдын алу мақсатында қоғамдық орындарда азаматтардың қалай өздерін ұстауы, сақтық ережелері, қиын жағдайға тап болған кездерде қандай әрекеттер ету керектігі, жедел 112 байланыс орталығына хабарлау қажеттігі толықтай түсіндіру жұмыстары жүргізілуде және белсенді профилактикалық істер ұйымдастырылып келеді. Сол секілді жыл басынан бері балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы жөнінде Алматы облысы ТЖД АҚБ аға офицері, аға лейтенант Асқарбекұлы Д баяндап берді.
Одан басқа, брифинг кездесуінде азаматтардың мұз үстіне шыққан уақытта қандай құрал-жабдықтардың болуы, қарапайып қауіпсіздік ережелерінің сақталуы, жалпы мұздың жұқа кезінде мұндай ақмақтарға бару қауіптілігі қоса айтылды.
Алматы облысының баспасөз қызметі