Алматы облысында қар көшкінінің алдын алу жұмыстары жүргізілді

Алматы облысында қар көшкінінің алдын алу жұмыстары жүргізілді

2025 жылғы 11 наурызда сағат 12:35-тен 13:00-ге дейін Талғар ауданындағы "Ақбұлақ" шаңғы базасында 2664 м биіктікте ГАЗЕКС жүйесін пайдалана отырып, қар көшкінінің 6 профилактикалық түсуі жүргізілді. Түскен қардың жалпы көлемі 350 м3 құрады.

Қар көшкіні беткейлерде тоқтады, ешқандай қауіп жоқ. Зардап шеккендер мен қираулар жоқ.

Жұмыстарға "Қазселденқорғау" ММ 3 маманы, Алматы облысы ТЖД 2 қызметкері мен 1 техника бірлігі, "Ақбұлақ" шаңғы базасының 3 маманы жұмылдырылды.

Жағдай бақылауда, мониторинг жалғасуда.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі