
Алматы облысы ТЖД жеке құрамы бойынша инспекция тобының қызметкерлерімен Алматы облысы ТЖД қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша семинар өткізілді
Семинарға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Мамыт Айдос Жанұзақұлы және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Алик Жатқайұлы Шпекбаев қатысты
Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары және оның мазмұнында көрсетілген ұстанымды іске асыру тәсілдері туралы түсініктемелер берді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау және парасаттылықты тексеру бағыттары бойынша жеке құрамның сұрақтарына жауаптар берді
Сонымен қатар жеке құрамға тақырыпқа сәйкес келетін бейнероликтер көрсетілді Семинардың жалпы бағыты Алматы облысы ТЖД қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуіне арналды
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі