Жамбыл ауданында сүзу алаңдарын су толу жойылуда

Жамбыл ауданында сүзу алаңдарын су толу жойылуда

6 наурыз күні таңертең Алматы облысы ТЖД Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында сүзу алаңдарын (кәріз тұндырғышын) су толу серпіні туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға нәтижесінде Ынтымақ көшесіндегі он жеке тұрғын үйдің ауласы су астында қалды.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Д. Оразбеков жедел келді.

Салдарды жою үшін Алматы облысы ТЖД және ТЖД № 28237 әскери бөлімінің жеке құрамының 62 адамы мен 7 техникасы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 9 қызметкері мен 4 техникасы тартылды.

ТЖЛ күштерімен тұндырғышты нығайту, инертті материалдарды пайдалана отырып, аула аумақтары бойында қорғаныш үйінділер салу, сондай-ақ су айдау жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта аула аумақтарынан су толығымен алынып жатыр.Адамдардың өміріне денсаулығына және олардың мүлкіне қауіп жоқ

Жағдай ТЖМ бақылауында. Құтқару қызметтері су тасқынының салдарын жою жұмыстарын жалғастыруда.