Мужество и преданность делу: Качиева Руфина Эльдаровна – героиня в погонах

Мужество и преданность делу: Качиева Руфина Эльдаровна – героиня в погонах

         8 наурыз – көктем мен сұлулықтың ғана емес, сондай-ақ өз ісіне адал, батыл әрі қайсар әйелдердің мерекесі. Осы ерекше күні біз өз қызметін жауапкершілікпен атқарып жүрген, кәсібилігімен үлгі бола алатын жан туралы айтқымыз келеді.

         Качиева Руфина Эльдаровна – азаматтық қорғау кіші сержанты, 2018 жылдың сәуір айынан бастап «Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінде қызмет атқарып келеді. Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласындағы №3 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисті болып жұмыс істейді. Ол өрт сөндірушілер мен жедел қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды тұлға.

         Оның жұмысы жай ғана қызмет емес, бұл – өмірлік миссия. Күн сайын ол өрт сөндірушілердің әрекетін үйлестіріп, ең маңызды ақпаратты жедел жеткізеді. Оның ұқыпты және кәсіби жұмыс істеуінің арқасында өрт сөндірушілер апат орнына жылдам жетіп, көптеген қайғылы оқиғалардың алдын алады.

         Қызмет барысында Руфина Эльдаровна өзін жоғары деңгейдегі маман ретінде көрсетті. Ол өз міндеттерін мұқият орындайды, біліктілігін үнемі арттырып, нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрықтарын терең меңгерген. Оның кәсібилігі мен жауапкершілігі әріптестерінің құрметіне ие болды.

         Качиева Руфина кез келген жауынгерлік тапсырманы орындауға дайын. Ол жоғары тәртіптілігімен, моральдық тұрақтылығымен және қызметіне адалдығымен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдары мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін қатаң сақтайды.

         Бұл мерекеде ерекше атап өткіміз келетіні – Качиева Руфина секілді қайсар әйелдер батылдық пен беріктік тек ерлерге тән қасиет емес екенін дәлел дегендей. Олар өз елінің қауіпсіздігін қорғап, қызметін адалдықпен атқаруда.

Осы жарқын мереке сізге қуаныш, бақыт пен амандық әкелсін! Келе жатқан 8 наурыз құтты болсын!

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі