Алматы облысының өрт сөндірушілері Іле ауданының Чапай ауылындағы өртті жойды

Алматы облысының өрт сөндірушілері Іле ауданының  Чапай ауылындағы өртті жойды

2020 жылғы 3 қыркүйекте сағат 07:43-те Алматы облысының ТЖД-не Іле ауданы Чапай ауылындағы Гагарин көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шақырудың жоғары дәрежесі бойынша дереу сағат 07:44-те Алматы облысы ТЖД ең жақын жерде орналасқан 3 өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдары 15 адам жеке құрамы және 5 бірлік техника, сондай-ақ Алматы қаласы ТЖД 4 адам және 1 бірлік техника жіберілді. Алғашқы бөлімшелердің сағат 07:58-де келген соң (14 минуттан кейін, жақын жерде орналасқан бөлімшеден 15 шақырым қашықта) бір-біріне жақын орналасқан"Арман" және "Николь" бір қабатты екі дүкен ашық отпен жанып жатқандығы анықталды. Өрт сағат 08-26-да жедел оқшауланып, сағат 09-25-те жойылды. Өрт алаңы 761 ш.м. құрады, оның ішінде "Арман" дүкені - 610 шаршы метр (шатырдың бұзылуымен) және "Николь" дүкені - 151 шаршы метр (шатыр өртенді). Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілермен қабылданған шараларының арқасында қатар орналасқан дүкендер мен жеке тұрғын үйлерге өрттің таралуына жол берілмеді. Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орынында сынақ өрт зертханасы жұмыс істеуде. Алматы облысы ТЖД азаматтардан сауда нысандарындағы өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін сақтауды сұрайды:

- электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне, оқшаулаудың көрінетін бұзылулары бар электр сымдары мен кабельдерді пайдалануға жол бермеу;

- розеткаларды, рубильниктерді, бүлінген басқа да электрқұрылғыларын, қолдан жасалған электржылытқыш аспаптарды пайдаланбау;

- отпен жұмыс істеу кезінде бейқам болмау;

- сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау көздерін жарамды күйде ұстау;

- объектілерді алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі