
Жеке құрам арасында кәсіби күюдің алдын алу мақсатында, ұжым ішінде психологиялық сергіту жаттығулары өткізілді. Бұл шара қызметкерлердің эмоционалды жағдайын жақсартуға, стрессті азайтуға және жұмысқа деген мотивациясын арттыруға бағытталды. Жаттығулар барысында әртүрлі релаксациялық техника, ұжымдық ойындар және өзара қолдау көрсету әдістері қолданылды. Қатысушылар жұмыс барысындағы шаршауды жеңілдету жолдарын үйреніп, сергіп, жағымды әсер алды. Мұндай іс-шаралар ұжымдағы жалпы психологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді.
Алматы облысының ТЖД