Өрт қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Өрт қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Қонаев қаласы ТЖБ және №1 ӨСБ қызметкерлерімен қала аумағындағы «Qazaq oil» жанармай құю станциясы жұмысшыларына өрт қауіпсіздігі ережелері, жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет  және су басу кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында жұмысшыларға өрт сөндіру техникасы мен арнайы жарақтардың жұмыс принципімен қатар, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану тәсілі көрсетілді.

Алматы облысының ТЖД