Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы облысы ТЖД, Алматы қаласы ТЖД және табиғат қорғау ведомстволарының қатысуымен брифинг өтті

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы облысы ТЖД, Алматы қаласы ТЖД және табиғат қорғау ведомстволарының қатысуымен брифинг өтті

Бірлескен брифинг барысында орман және дала өрттерінің қаупін азайту, цифрлық мониторинг жүйелерін енгізу және 2025 жылғы өрт қауіпті кезеңге дайындық шаралары талқыланды.

2024 жылы Алматы облысында жалпы ауданы 6083 га 19 орман өрті және 600 га-ға 2 дала өрті тіркелді, 2023 жылмен салыстырғанда өрттер саны 36% – ға, ал олардың ауданы 78% - ға төмендеді.

Өңірде өрттің алдын алу үшін 167 бірлескен рейд жүргізілді, оның барысында 4300-ден астам азаматқа нұсқау берілді, ал 24 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, өрт-тактикалық оқу-жаттығулар мен төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі облыстық комиссияның отырыстары ұйымдастырылды.

2025 жылдың өрт қауіпті кезеңіне дайындық шеңберінде Алматы облысында күштер мен құралдарды түзету, техниканы жаңғырту, жанар-жағармай материалдарының резервін құру, өрттерді ерте анықтау үшін бейнебақылау және мониторинг жүйелерін жақсарту, сондай-ақ өрттерді авиациялық сөндіру үшін су жинау нүктелерін жайластыру жоспарланған.  

Алматы облысының ТЖД