Алматы облысы ТЖД «Діни Экстремизге қарсы іс-қимыл» алдын алу, психологиялық талдау, оңалту тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Алматы облысы ТЖД «Діни Экстремизге қарсы іс-қимыл»  алдын алу, психологиялық талдау, оңалту тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ағымдағы жылдың 25 ақпаны күні,  Алматы Zoom платформасы арқылы өткен бейнеконференцияға   Дін басқармасының бөлім бастығы Қанат Сессияұлы Садуақасов, ТЖД аппартының және аудан қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында теолог маман қазіргі қоғамдағы діни ахуалға тоқталып, теріс ағымдардың таралу себептері мен олардың идеологиялық ерекшеліктері туралы жан-жақты мағлұмат берді. Сонымен қатар, экстремистік идеологияның адам санасына қалай ықпал ететіні, оның қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке тигізетін залалы нақты мысалдармен көрсетілді. Теолог маман қатысушыларға радикалданудың алдын алу жолдары, діни сауаттылықтың маңыздылығы және жастарды зиянды ағымдардан қорғау тәсілдері жөнінде кеңестер берді.

Психолог маманы тарапынан радикалды көзқарастарды ұстанатын адамдардың психологиялық ерекшеліктерін, олардың әлеуметтік ортаға әсерін, сондай-ақ теріс ағымдардың отбасы институтына тигізетін кері ықпалын ғылыми тұрғыда түсіндіріп, теріс ағымға ілескен адамдардың отбасыларында кездесетін психологиялық өзгерістер мен олардың әлеуметтік қарым-қатынастағы қиындықтары туралы жаттығулар мен видеороликтер көрсетілді.

Мамандар отбасындағы сенім дағдарысын еңсеру, діни көзқарастың тұрақтылығын қалыптастыру және жастардың радикалды идеяларға қарсы иммунитетін нығайту жолдарын талқылады.

Жиын соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, сала мамандарынан кеңес алды. Шара діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған өзекті мәселелерді қамтып, қатысушылар үшін пайдалы әрі танымдық сипатта өтті.

Алматы облысының баспасөз қызметі