Алматы облысында газбен жабдықтау саласындағы қауіпсіздік шараларын түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді

Алматы облысында газбен жабдықтау саласындағы қауіпсіздік шараларын түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді

"Газ және газбен жабдықтау саласындағы қауіпсіздікті арттыру және бақылауды оңтайландыру жөніндегі 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарын" іске асыру шеңберінде халықпен ақпараттық-профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Өңірдің ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері" Қонаев қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі " ММ өкілдерімен бірлесіп көппәтерлі тұрғын үйлерді аралауды ұйымдастырды. Іс-шара барысында биіктігі екі қабаттан асатын көппәтерлі үйлерде тұрмыстық баллондарды пайдалануға және сақтауға тыйым салу ережелері түсіндірілді.

Сонымен қатар, тұрмыстық пайдалануға арналған газ баллондарын заңсыз құю жағдайларын болдырмау үшін қаланың автогаз құю станцияларында автокөлікте пайдалануға арналмаған баллондарды құюға жол бермеу туралы талап жеткізілді.

 Алматы облысының ТЖД