
2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы және ҚР ТЖМ құрылғанына 30 жыл аясында өрт сөндіру бөлімінде «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» ұйымдастырылды.
Айлыққа апаттар медициналық орталығы мен жедел құтқару жасағы және «Қарлығаш» орта мектеп оқушылары мен «Ақдидар» балабақшасының бүлдіршіндері қатысты. Шара барысында оқушылар мен балаларға ТЖ кезінде тәжірибелік іс-қимылдар көрсетіліп, өрт сөндіру техникаларының көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар, құтқару құралдарымен және оқу-жаттығу әдістерімен танысып, өрт қауіпсіздігі бойынша білімдерін жетілдіріп, әдістемелік іс тәжірибе алды. Сондай ақ, аталған қызметтің маңыздылығы, ТЖ орнына қауіп-қатерсіз шұғыл жету, техниканың ақаулығына жол бермеу және т.б маңызды кәсіби іс-әрекет екендігі туралы да аталып өтті. Сонымен бірге ашық есік күні Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау Академиясына оқуға түсуге оқушыларға үгіт насихат жүргізілді.
Алматы облысының ТЖД